Жаңа жыл жақындап, баға өсті

0
1098

Жаңа жылды шыршасыз, дәмді дастархансыз қарсы алмайтын елге біздің тілшілер қолайлы, бағасы да ойға қонымды жерлерді тізіп шықпақ.

Яғни, бір аптадан соң босағамызды аттайтын жылқы жылына дайындық қазірден-ақ қызып кеткен. Қашанғыдай мереке келгенде бағалар да шарықтауда.

Алматыда шыршаның құны миллион теңгеге дейін жеткен. Қуаныш десе қорасындағы соңғы саулығын соятын қазақ желтоқсан жеткенде де, жаны қалмай алдына адам салмай тойлауды әдет қылды бүгінде.

Сондықтан базарға барсаң да, жеп-ішер алсаң да бәрі қымбат. Мереке жеткенде тегінде татырмас тиынын аса жомарттықпен жұмсайтын жұртты күтіп саудагерлер де алақандарын ысқылап жүр.

Жаңа жылда шырша басты белгі. Орманнан отағаны бар, қолдан жасалғаны бар базарда самсап тұр бәрі. Оңтүстік Астанадағы ең қымбат шырша 1 миллион теңгеге бағаланапты.

«Қытай, Ресей, Украинадан бар. Бағалары мың теңдеген жоғары. Осы жылы 3-4 мыңның шыршаларын сұрайды. Ең қымбаты 25000 теңге Ресейде шығарылған 1 метр 80 сантиметрліктер»,- дейді саудагер Оразәлі Әбдірешев.

Азық-түліктің бағасы да удай. Мерекелік дастарханды аста-төк жаятын жұрт тамақты да талап алуда. Негізінен жеміс-жидек пен сусындардың бағасы өскен. 10 данасы 200 теңге болатын жұмытқалар мереке қарсаңында 400 теңгеге дейін қымбаттаған дейді жұрт. Жеміс бағасы да 2 есеге шарықтапты. Бірақ аталғанның барлығы санаулы сәтте қапшық-қапшық боп қарашаның қолтығында кетуде.

Және елдің қалауы жаңа жыл иесі жылқы кескініндегі ойыншықтарға түскен. Айтпақшы келе жатқан жылқы жылында жылқының етін жеуге болмайды деп ырым қылып қылық шығарғандар бар. Алайда қазақтың қариялары қазы-қарта мен жал-жаядан бас тартпақ емес.

«Кім айтады болмайды деп? Біздің ата бабамыз бұрыннна бері жылқы сиыр, қой бәрін жеп келген ғой. Біз басқа ұлт сияқты емеспіз ғой, бәрін жейміз. Біз мейірімді халықпыз ғой. Келетін осы жаңа жылда қазы-қартамыз бар. Туысымыз, жегжат-жұрағатымыз келетін болса бәрін қарсы аламыз», – дейді Алматы қаласының тұрғыны Сауытхан Мамытұлы.

Саудаға сіңіп, пайданы біліп болған саудагерлердің сөзіне сүйенсек біз көріп төбе шашымыз тік тұрған бағалар басы екен. Жаңа жыл жақындаған сайын шырша мен ойыншықтардың, азық-түліктің бағасы батпандап өсетін көрінеді. Жұртта жеткілік базарға баратын, құны қымбат болса да барлығын сатып алатын. Сондықтан саудагерлер ең әдемі тауарлары мен естіген елдің есін алатын бағаларын 28-29-шы желтоқсанға сақтап қойыпты.

КТК арнасы

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз