Президент негізсіз тексерулер жүргізгені үшін мемлекеттік органдарды таратуға дейін баратынын айтты

0
925

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев түрлі мемлекеттік органдар тарапынан негізсіз тексерулер жиілеп кеткеніне тағы наразылығын білдірді.

«Домалақ арыздар қаралмайды! Бұл туралы қашанғы айтам? Өздері шағым жазып, өздері тексеруге келеді. Осылайша бұл бізді Қазақстанда кейбір тексеруші ұйымдарды таратуға апарары хақ», – деп президент бүгін Астанада Индустрияландыру картасының инвестициялық жобаларын таныстыруға арналған жалпыұлттық телекөпір барысында атап көрсетті.

«Барлық жетістіктерге қарамастан, бүгін жер алу үшін, құрылыс жүргізу үшін, аяқтан тозып қаншама жерге бару керек. Тексерумен тұншықтырды! Бұл туралы қашанғы айта беремін?! Барлық министрліктер бүгін тексеруден көз ашпайды. Олар қайдан шығып жатыр? Бізде есеп палатасы бар, оның міндеті күнде келіп тексеру емес, аудит жүргізу. Барлық министрліктер бүгінде тексерудің қысымында жүр. Олар қайдан шығып жатыр? Бізде Парламент жанындағы Есеп палатасы бар. Оның міндеті – кеңестік анахронизммен айналысу емес, аудит жүргізу. Жасырын арыз қаралмасын. Өздері арыз жазып алады да, өздері тексереді. Мұндай жолмен кете берсек, мен Қазақстандағы бірқатар тексеруші органдарды тарату туралы шешім қабылдаймын», – деді Елбасы.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз