Қылмыстық кодекс қатайып келеді

67c025b7f3266f00db9b423c35f166882015 жылдан бастап Қа­зақ­­станда қылмыстық істерді тер­­геу, сот шешімін шығару жә­­не кінәлі азаматтарды қа­мау­ға қатысты мәселелер бі­раз өз­ге­ріспен атқарылады. Мә­се­лен, ауыр қылмыстық іс­тер­ден бөлек, барлық құ­қық бұ­зу­шылықтар үшін айып­пұл­­дың қомақты сомасын тө­­леуге тура келеді. Сосын ше­­телдегі секілді кепілзатты тө­­ле­ген қылмыскерлер тер­геу изоляторынан бірден бо­са­­тылатын болады. Ал сан ал­уан қылмыстардан зар­дап шеккендер үшін ар­н­айы кө­мек беру қоры құ­рылуы әб­ден мүмкін. Осы іс­петті өз­ге­ріс­тердің бәрі Қыл­мыс­тық жә­н­е Қылмыстық іс жүргізу ко­декс­те­рінің жа­ңа нұсқасында көрініс тап­­қан. Кеше Орталық ком­му­ни­­ка­ция­лыр қызметінде жаңа өз­герістер жайы баяндалған еді.  Бас прокурордың бірінші орынбасары Ио­ган Меркельдің сөзіне қарағанда, ар­на­йы мекемеаралық жұмыс тобы жаңа қыл­мыстық құқықтық алаң бағытында үш жыл бо­йы жұмыс істеген. Нәтижесінде Қыл­мыс­тық және Қыл­мыс­тық іс жүргізу кодекс­те­рінің жаңа нұсқасы даяр болып, бүгінде пар­ламентшілердің қызу талқысы үшін ор­таға тасталған. Құжат жаңа қыл­­мыстық ая­ны аңсайтын болғандықтан, но­вел­ладан кен­де емес. Айталық, Қылмыстық ко­декстің жа­ңа үлгісінде медициналық қыл­мыс­тар үшін жауапкершілік күшейтілген. Сон­дай-ақ киберқылмыстарға қатысты қатаң жаза қол­­дану қарастырылған. «Бүгінде дамыған мем­­лекеттерде киберқылмыстарға қатысты ар­на­йы баптар бар. Ал біз болсақ, хакер­лердің іс­терін әлі күнге дейін дұрыс тергей ал­май жа­тыр­мыз», – деп мойындайды қа­зіргі олқылыққа келгенде Иоган Давидович. Бұл ғана емес, сәу­лет-құрылыс саласындағы қа­уіпсіздік үшін де жа­уапкершілік кү­шей­тіледі. Соның арқасында Қарағандының «Бе­соба» тұрғын-үй кешеніндегі секілді оқи­ғалар қайталанбайды деген сенім бар. «Жол апатында адам өліміне себепкер бол­­ған мас жүргізушіге жаза қатаң болады. Ме­­кемеаралық жұмыс тобы мұны «ауыр қыл­мыс саналады» деп шешті. Ол үшін біз жеті жыл бас бостандығынан айыру жазасын бел­гіледік. Осы орайда атап өтерлік жайт, ауыр қылмыстар бо­йынша тараптардың ымы­раға келуі мүмкін емес», – дейді Бас про­курордың бірінші орын­басары. Ал бас­қа қылмыстар бойынша бас бос­тан­дығынан айы­рудың орнын айыппұл төлеу жазасы ба­сады. Меркель мырзаның айтуынша, та­ғайындалатын осындай шараның үлесі 50 пайызға дейін артады. «Тергеу судьясы» деген шығады Бұдан бөлек, Қылмыстық іс жүргізу ко­декс­інің жаңа нұсқасына сәйкес, сотқа де­йінгі іс жүр­гізу тәртібін бақылау мақсатында «тергеу су­дьясы» лауазымын енгізу көзделіп отыр. Ол про­курорлармен бірге Қазақстан аза­мат­та­ры­ның құқықтарын қорғауды қадағалайды. Осы­ған орай, тергеу судьясы үй қамаққа отыр­ғызу, медициналық ме­ке­меге күшпен қамау жә­не тағы басқа ша­ра­лардың қаншалықты заң­ды екендігін әлгі тер­геу судьясы тексеретін тә­різді. Сондай-ақ тергеу судьясы ауыр және аса ауыр қыл­мыстардан бөлек істер бойынша ке­­піл­зат­тың көлемін анықтай алады. Ал ке­піл­зат жасал­ған бойда тергеу изоляторының бас­шысы күдікті азаматты босатуы шарт. Ол үшін соттың қосымша шешімі керек емес. «Алайда адам өлімі, ұйымдасқан қылмыс және лаң­кес­тікке қатысы бар азаматтардың кепілзаты еш қа­был­данбайды», – деп нық айтты Меркель мырза. Бұдан бөлек, бас прокуратура өкілі Қыл­мыс­тық кодекстің қазіргі нұсқасынан істі қо­сым­ша тергеуге жіберуді алып тастау қажеттігін ал­ға тартады. «Біз осы саладағы жағдайды зер­делеп шықтық. Соңғы бес жылдың ішінде 4,5 рет істі қосымша тергеуге жіберу жөнінде ше­шім шығарылды. Ондайда тергеу амалдары қай­та басталып, куәгерлер екінші рет сотқа ша­қы­рылады. Оған көп адамдардың көңілі тол­май­ды. Біздіңше, қосымша тергеуді алып тас­тау­дың арқасында сот қамау немесе ақтау бо­йынша нақты екі шешімнің біреуін қа­был­дай­­ды. Әрине, тергеу кезінде қандай да бір ол­қылықтар орын алуы мүмкін. Мұндай жағ­дайда соттың кінәлі азаматты ақтап шығуы да ық­тимал. Алайда бұл жолмен барлық дамыған мемлекеттер жүріп келеді. Сол арқылы тер­геу­дің сапасы көтеріледі», – дейді И.Меркель. Айт­пақ­шы, қылмыстық кодекстің кеңістігі ақ­па­рат­тық технологиядан да кенде қалмайды. Мә­селен, бейнебайланыс құралдарын қолдану ар­қылы қашықтан жауап алу жүйесі де енгізілуі әб­ден мүмкін. Бұл біздің еліміз үшін әбден ла­йық­­ты дүние секілді. Өйткені Қазақстанның тер­риториясын ескерсек, бейнебайланыс ар­қылы жауап алу жүйесінің тиімділігі зор. Оған қоса, бюджеттің біраз қаражатын үнемдеуге бо­­лады. Сонымен қатар бас прокуратура сан алуан қылмыстар кезінде зардап шеккен аза­мат­тарға көмек берудің арнайы қорын құ­руды жос­парлап отыр. Аталған қор кінәлі аза­мат­тар­дан өндірілген ақшамен толықтыралады. Бәлкім, оған жекеменшікті тәркілеу шаралары да бағытталып қалар. «Әрине, дамыған ел­дер­дің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, осы іспетті қор­лардың ақшасы зардап шеккен барлық аза­маттарға жетпей жатады. Сондықтан біз қазақ­стан­дық қорды құруға қатысты заң жобасында, ал­дымен, асыраушысынан айы­рылған және жыныстық зорлық-зомбылыққа тап болған азаматтарға көмек беруді көздейміз. Заң жобасын талқылау барысында оның бар­лығы қайта қаралып, тиісті өзгерістер енгізілуі әбден мүмкін», – дейді Меркель мырза. Айта кеткен жөн, Қылмыстық және Қыл­мыс­тық іс жүргізу кодекстерінің жаңа нұсқасын 2015 жылы қолданысқа енгізу көзделген.

Арман АСҚАР

"Алаш айнасы"