Жылдамдық қуғыш жігіт шенеунік әкесінің лауазымына зиян келтірді

2
1024

Алматыдағы жантүршігерлік апатқа кінәлі жігіттің әкесі бүгін ұзақ үнсіздіктен соң «ұлым үшін жауап беруге дайынмын» деп мәлімдеді.

«Экспо-2017» ұлттық компаниясының лауазымды атқамінері Қажымұрат Үсенов қайғылы оқиғаны өзінің қызметімен байланыстырмауды өтініп отыр, деп хабарлайды КТК арнасы. Сондай-ақ, тергеуге араласпайтынын, ал ұлының заң алдында жауап беретініне сендіріп бақты.

«Жауапкершілік керек болса аламыз. Неге алмасқа? Менен туған бала ғой. Бөлек тұрса да. Бірақ бұл әркімнің басынан өтетін жайт. Ол әдейі барып соққан емес. Менің қызметіме баламның ешқандай қатысы жоқ. Ол өздігімен жүрген бала. Мен баламды желкесінен алып, қызметке шақырып көмектескен адам емеспін», – дейді «Экспо-2017» ұлттық компаниясының құрылыс жүргізу департаментінің директоры Қажымұрат Үсенов.

Қажымұрат Үсенов жұмыссыз ұлының БМВ-ны қалай иемденгенін де түсіндірді. Сөзіне сенсек, жол жиегінде тұрған 6 адамды таптап, біреуін мерт қылған қымбат көлікті оған кәсіпкерлікпен айналысатын туған әпкесі алып берген.

Қазір 24 жастағы Мақсат Үсенов абақтыда отыр. Жылдамдық қуғанды ұнататын жігіттің рөлге отыруға ешқандай құқы болмаған. Себебі жыл басында рөлге мас күйінде отырғаны үшін құжатынан айрылған екен.

Осы оқиғадан кейін депутаттар жүргізушінің шенеунік әкесінің отставкаға кетуін талап еткен еді. Алайда бүгін мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы әріптесін қолдап шықты. Айтуынша, баласының әрекеті үшін әкесі жауап беруі тиіс емес.

«Апат болса әркім өзі жауап беруі тиіс. Енді не айтуға болады. Кәмелет жасына толған адам ғой», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов.

nur.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. Әкесінің арқасында осы іске тап болып отырғаны ақиқат. Жүргізуші куәлігі жоқ, жылдамдықты асырған, рулге ішімдік ішкен, бірнеше адамға зияны тиген, яғни елімізге кесапаты тиген бұндай жанды аяусыз жазалау қажет. Оның орны түрме. Көрсін қиындықты. Әбден мастанып, білгенін істеп жүрген адам ғой, біреу тоңып секірсе, бұл тойып секіріп жүрген жандардың бірі ғой. Егер бұл азаматты бостандыққа шығарса, онда әлеумет әкесінің қызметтен кетуіне, және жауапқа тартылуын талап етуіміз керек.

  2. Бізде шенеуіктер бірін бірі қорғап отыратын іріп-шіріген қоғам құрған сияқты. Бұлай болса еліміздің болашағы жоқ, болмайтын да сияқты. Қолыңнан келсе асап қал, қауып қал, шауып қал деген система. Бұқара халыққа қарсы система, өзінен өзі тазаланбайтын, құрымайтын система. Бұл деген сұмдұқ қой…

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз