Елбасы: жемқорлыққа қарсы шынайы күрес жүргізбесе болмайды...

___________________411861377Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жемқорлықты қабылдау рейтингіндегі позициясының төмендеуі қаржы полициясы органдарының жұмысы нашарлағанын білдіреді.
«Рейтингтің нашарлауы аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыс қарқынының төмендегенін немесе агенттіктің жүргізіліп жатқан жұмысты тиісінше тіркеуге алмайтынын білдіреді», - деді Н.Назарбаев бейсенбі күні Экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігі төрағасы Рашид Түсіпбековпен кездесуде. Бұл туралы мемлекет басшысының ресми сайты хабарлады. Бұрын хабарланғандай, Қазақстан халықаралық «Транспарэнси Интернэшнл» ұйымының «Жемқорлық индексінде» 133-ші орыннан 140-шы орынға төмендеген болатын. Президенттің айтуынша, жергілікті жерлерде халық «жемқорлық ахуалдан жақсы хабардар, солармен жұмыс істеу керек». «Сонымен қатар, бұл мәселемен «Нұр Отан» партиясының өкілдігі де жұмыс істеп жатыр. Адамдар өкілдікке осындай фактілер туралы хабарлап отырады. Берілген мәліметті қараусыз қалдырмай, тексеріп, істі ақырына дейін жеткізсек, жемқорлыққа қарсы шынайы күрес жүргізілген болар еді», - деді президент. Мемлекет басшысы жемқорлықты жоюға бір ғана агенттіктің немесе құқық қорғау орындарының күші жеткіліксіз екенін және бұл жерде жүйелі шараларды қолға алу керектігін атап өтті. «Жыл сайын экономикалық, заңнамалық жағдайлар жақсарып, тексеру саны қысқарып келеді. Шенеуніктер мен халық арасындағы байланыс азайып, жалақы өсіп жатыр. Осының бәрі жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар. Көрсеткіштерді қолдан көтерудің қажеті жоқ. Жемқорлыққа қарсы шынайы күрес жүргізілуі тиіс, оны елдің бәрі сезінуі қажет», - деді Н.Назарбаев. Өз кезегінде агенттік төрағасы өзі жетекшілік ететін ведомствоның биылғы 10 айда атқарған жұмыстары туралы баяндап берді. «Жыл басынан бері жемқорлық қылмыс жасаған 900 тұлғаға қатысты 1333 қылмыстық іс қозғалды. Соның ішінде республикалық және облыстық еңгейдегі 120-дан астам лауазымды тұлға жауапқа тартылды», - деді ол.

"Интерфакс" ақпараты