Елбасы: жемқорлыққа қарсы шынайы күрес жүргізбесе болмайды…

5
871

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жемқорлықты қабылдау рейтингіндегі позициясының төмендеуі қаржы полициясы органдарының жұмысы нашарлағанын білдіреді.

«Рейтингтің нашарлауы аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыс қарқынының төмендегенін немесе агенттіктің жүргізіліп жатқан жұмысты тиісінше тіркеуге алмайтынын білдіреді», – деді Н.Назарбаев бейсенбі күні Экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігі төрағасы Рашид Түсіпбековпен кездесуде. Бұл туралы мемлекет басшысының ресми сайты хабарлады.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстан халықаралық «Транспарэнси Интернэшнл» ұйымының «Жемқорлық индексінде» 133-ші орыннан 140-шы орынға төмендеген болатын.

Президенттің айтуынша, жергілікті жерлерде халық «жемқорлық ахуалдан жақсы хабардар, солармен жұмыс істеу керек».

«Сонымен қатар, бұл мәселемен «Нұр Отан» партиясының өкілдігі де жұмыс істеп жатыр. Адамдар өкілдікке осындай фактілер туралы хабарлап отырады. Берілген мәліметті қараусыз қалдырмай, тексеріп, істі ақырына дейін жеткізсек, жемқорлыққа қарсы шынайы күрес жүргізілген болар еді», – деді президент.

Мемлекет басшысы жемқорлықты жоюға бір ғана агенттіктің немесе құқық қорғау орындарының күші жеткіліксіз екенін және бұл жерде жүйелі шараларды қолға алу керектігін атап өтті.

«Жыл сайын экономикалық, заңнамалық жағдайлар жақсарып, тексеру саны қысқарып келеді. Шенеуніктер мен халық арасындағы байланыс азайып, жалақы өсіп жатыр. Осының бәрі жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар. Көрсеткіштерді қолдан көтерудің қажеті жоқ. Жемқорлыққа қарсы шынайы күрес жүргізілуі тиіс, оны елдің бәрі сезінуі қажет», – деді Н.Назарбаев.

Өз кезегінде агенттік төрағасы өзі жетекшілік ететін ведомствоның биылғы 10 айда атқарған жұмыстары туралы баяндап берді.

«Жыл басынан бері жемқорлық қылмыс жасаған 900 тұлғаға қатысты 1333 қылмыстық іс қозғалды. Соның ішінде республикалық және облыстық еңгейдегі 120-дан астам лауазымды тұлға жауапқа тартылды», – деді ол.

«Интерфакс» ақпараты

5 ПІКІРЛЕР

  1. Жемқорлықтың бір түрі ЖОО-ларда екен.Бейшара студенттер қолдары қалтырап (қиналып)мұғалімге пара береді.Міне жастарға қамқорлық.Ол студент те бітірген соң пара алады.Бұған тоқтау қойылмаса,жемқорлық жойылмайды.Ұсталмаған ұры емес,мұғалім парасын алады,студент бағасын алады.Жаңа министр осыны қолға алуы керек.Жастар алаңдамай оқу оқысын!

  2. Айнала жемқорлық. «Ақымақ адам бара береді, ақылды адам пара береді» деген шықты. Онсыз ісің алға баспайды, мәселе шешілмейді. Әсіресе, Оңтүстік өңірде. Барлық деңгейдегі қызметке пара беріп орналасады. Осыдан 4 жыл бұрын менің туысым (базарда арба сүйреп жүрген бір қазақ) мектепке күзетші болып тұрғысы келеді ғой. Сонымен сөйлесіп көрсе 500 доллар пара сұрайды. Жалақысы 15 мың. Көкеміз шошып кетеді.»Сонда, 5 айлығысды беремін бе» -деп. Жеңгеміз сұрағанын тауып береді.Жұмысқа тұрды.Мектепке мұғалім болып кіруге 3 мың доллар(немесе500 мың теңге) пара беріп кіреді. Түркістандасоңғы10-15 жылда бірде бір мұғалім парасыз кірмегеніне мен кепіл. «Оңып тұрған Оспан жоқтың» кері.Басшыдан бастап, қосышыға, еден жуушыға дейін пара! ПАРА! ПАРА! Осы ма жемқорлықпен күрескендері?! Бәрі жалған, көзбояма тіршілік.

  3. бір танысымның әңгімсін жазайын десем қырсығы тиер басына. ал бірақ жемқорлықпен күресуден нәтиже шыға қоймас, алушы да беруші де ыңғайланып, не бір әдіс айламен заңды айналып өтуді үйренді. ар-намыс, ар-ұятты бала жастан қалыптастыру керек. бірін бірі көрсету, ғайбаттап арыз жазу, ұнамағанды жоқ қылу 37 нің сойқанынынан асып түсті.мансап үшін әріптес әріптесін көрсету әсіресе фин.пол, увд, сот, прокуратурада, түзеу мекемелерінде көбейгені соншама, олардың ақшасын көбейткеннен гөрі тәрбие мен рухтық санасын оятудың жолын ашу керек.

  4. «Ұрыны қарақшы басты» дегендей,партия адамдары парақор атанып отыр.Халық шаршады,қай жерге барсаң,пара сұрайды.Пара болмаса ,жұмысың бітпейді.Күнде сандала беру кімге жағады,ақыры ақшасын бересің.Бұны қазір детсадтың баласы да біледі.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз