Өлген адамның мәйіті Қазақ ұлттық университеті аймағында жатқан

v-evpatorii-na-ulitse-nayden-trup_foto-iz-intereneta_1_2013-10-11-15-19-50Қазақ ұлттық университетіне тиесілі қалашықтан өлі адамның мәйіті табылды.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, өлі адамның денесі ұлттық университетке тиесілі қалашықтан табылмапты. Әл Фараби көшелерінің бірінде орналасқан үйлердің ауласынан табылған.Осы жағдайға қатысты қалалық ішкі істер басқармасының өкілі ресми мәлімет берді. Адам өліміне қатысты дерек расталды, бірақ қайтыс болған адамның оқу орнына мүлде қатысы жоқ екен.

Қазір үйіне келген қонағын ішімдіктің салдарынан соққыға жығып, артынша өлтіріп тастаған азаматтың кім екені де анықталып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. "Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 296- бабының бірінші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық тиісті сараптамар тағайындалып, тергеу жалғасуда", - деді Алматы қаласы ІІБ ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

31 арна