5 жасар баланың араққа уланғанын көріп отыратын күнге же жетіппіз

detskiy_alkogolizm_123Ақтөбеде 5 жасар қыз төрт рюмка арақ ішіп қойып, ауруханадан бір-ақ шықты деп хабарлайды "Мой город" басылымы. "Үйдегі дастархан басында отырып 5 жастағы Алина 4 рюмка арақ ішіп қойған. Мұны өз ауруханада есін жиғаннан кейін айтып берді" деп жазады аталған басылым. Уланып қалған бүлдіршінді үйінен жедел жәрдем алып кеткен. Ауруханада ол төрт күн уақытын өткізіпті. Оның отбасы үлгілі отбасылардың санатында емес. Ата-анасы ішкілікке жиі салынады. Тіпті, қызы ауруханада өлім мен өмір арасында жатқан кезде де анасы жағдайын білу үшін емдеу орталығына бірде-бір рет бас сұқпаған. Тек, әжесі мен әкесі артынан тамақ тасып отырған көрінеді. Алинаны емдеген дәрігерлер болған жайтты учаскелік полицияға хабарлады. Енді бұл отбасының жағдайымен тәртіп сақшылары айналыспақ. Ал, дәл қазір 5 жасар бүлдіршін әжесінің үйінде тұрып жатыр.

Baq.kz