"Протонның" ұшырылуына тосқауыл қоя алмаймыз

20130702_10_59_17271Улы гептилден алдағы он жылда құтылмаймыз. Шенеуніктер "Протон" Байқоңырдан 2025 жылға дейін үздіксіз ұшырыла береді. Өз жерімізде отырып, өзгенің улы гептилін жұтып отыруға жол берілді... Улы гептилмен қозғалатын зымырантасығыш ғарыш айлағын асырап отырған негізгі табыс көзі екен. Оның үстіне бұл "Роскосмостың" оң жамбасына келмейді. Яғни, жергілікті жұрттың денсаулығына қауіпті екен деп "Протонға" түбегейлі тыйым салу көршілерімізге тиімсіз. Сондықтан жыл соңына дейін коммерциялық негізде әлі 5-6 "Протон" ұшырмақ. Ал "Протонға" қарағанда әлде қайда зиянсыз экологиялық таза саналатын "Зенит" зымырантасығышын жаңарту жұмыстары әлі тұралап тұр. Сондай-ақ қазақ ғарышкерінің көкке самғауы тағы кейінге шегеріліпті. Сылтау сол баяғы қаржының жоқтығы. Бюджеттен 150 млн доллар табылмаған көрінеді. Ал 2-ші шілдедегі апаттан келген шығын яғни 14 млд теңгені Мәскеу өтейтін сыңай танытып отырған жоқ. Ұлттық ғарыш агенттігі болса, өтемақыны өндіруге қатысымыз жоқ деп бастарын ала қашуда. "Бұл мәселе Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде. Олардың өзінің методикасы, мамандары бар. Өздері есептеді, енді өздері сандарды дәлелдеу керек", - дейді Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков.

КТК арнасы