Қыздар қырылады, куәгерлер айырудың орнына бейнекамераларын қосады....

photo_110426Қазір ғаламтор беттерінен төбелестің түр-түрін көруге болады. Және олар миллиондаған көру сандарына ие. Оңтүстік Қазақстан облысында мектеп оқушылары бірін-бірі жағадан алып, аямай соққыға жыққандарын сыныптастары бейнекамераға түсіріп, ғаламторға жіберген. Қыздардың ұрысына сол ғаламтордың "агенті" себеп болса керек. Әңгімелері желіде басталған қыздар әлдебір нәрсеге келіспей, балағат сөздер жіберген. Ақыр соңында шыдай алмай, сабақ біткен соң қырғын бастаған. Лқушы қыз сыныптасын жерге құлатып, үстіне мініп алып, жұдырығымен бірнеше рет соққы береді. Беттерін тырнап, шаштарынан жұлып төбелесіп жатқан қыздарды келесі бір қыздар ұялы телефонның камерасына түсіріп тұрған. Сұмдық оқиғадан кейін жақтар татуласып, жағдайды ушықтырмапты. "Сотқарлық" үшін қылмыстық іс қозғаған прокуратура қызметкерлері істі оңай жауып қоя салыпты. Мұндай әдепсіз қылықтың орын алып, ғаламтор беттеріне таратылуы жиі қайталанатын болды. Қазақ қыздарының бет жыртысқандарын көріп, болашаққа үреймен қарайтын болдық....

qazaquni.kz