Вакцинация – ұрпақтың тамырына балта шабу емес пе?

full_OtvetstvennoСоңғы уақытта телеарналарда вакцинаға қатысты жарнама үздiксiз берiлуде. Дүние есiгiн ашқан сәттен бастап сәбилерге екпе жұмыстары жасалатыны белгiлi. Алайда сол екпелердiң құрамы мен адам ағзасына келтiрер залалы туралы бiрiмiз бiлсек, ендi кейбiреулер мүлде хабарсыз. Дәрiгерлердi тыңдасақ, екпе жұмыстары аурудың алдын алу мақсатында жүргiзiледi деп сендiредi. Сәбиге туыла салып, перзентханада төрт күн iшiнде АКДС, БЦЖ, полиомиелит секiлдi үш бiрдей екпе салынады. Одан кейiн арнайы   күнтiзбеге сәйкес, бала бiр жасқа толғанынша 14 түрлi екпенi қабылдайды.

Иерусалимдегi атақты Еврей университетiнде докторлығын қорғаған ресейлiк ғалым, иммунолог Александр Коток өзiнiң “Безпощадная иммунизация” деген кiтабында былай деп жазады: “Екпе табиғи иммунитеттi бұзады. Екпе салғаннан кейiн де балалардың ауырып немесе басқа да ауруларға душар болатыны осыны көрсетедi. Вакциналар жоғары токсиндi болып саналады, олардың құрамына фенол, формальдегид, тимеросал немесе мертиолят (сынаптың қоспасы), ашытқылар, алюминий фосфаты, ацетон, глицерин, шошқа немесе жылқы қанының компоненттерi, сиыр желiнiнен алын­ған iрiң, қоянның ми тiндерi, иттiң бүйрек тiндерi, тауық немесе үйрек жұмыртқалары ақ уызы және басқалар кiредi”. Аурудан сақтану мақсатында жасалатын вакцинаның құрамына қарап, бұған ерiксiз евгеникалық тәсiл деп баға бересiз. (Евгеника – адамзат селекциясы туралы, яғни адамдардың ең мықты тектiлерiн қалдырып, өзгелерiн жоюға бағытталған ғылым).
Өйткенi белгiлi бiр аурудың алдын алуға тиiс екпенiң дәл сол ауруды қоздыратыны бiрнеше рет анықталды. Мәселен, 1921 жылы француз микробиологы Альберт Кальметт пен ветеринар Камиль Герен ойлап тапқан туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасының пайдасынан зияны басым екенiн бiрнеше елдiң ғалымдары растаған едi. 2004 жылы Сербияда осы вакцинаның салдарынан жүзден астам бала лимфаденит ауруына, ал таяу­да ғана өзiмiзде ақтаулық төрт бала БЦЖ-дан кейiн сүйек тубер­кулезi ауруына шалдыққаны мәлiм. Дәрiгер, әрi гомеопат Александр Коток – БЦЖ енгiзiлген балалардың арасында туберкулезбен ауру деңгейi өте жоғары екенiн дәлелдеп көрсеттi де. Әйткенмен, мұн­дай сұмдық деректердi назарға алатын қазақстандық дәрiгер­лер жоқ. Керiсiнше, көптеген педиатр мамандар сәбилерге уақы­тылы екпе жасауды, егер екпе егiлме­се, балаңызды балабақшаға, мектепке қабылдамайды дегендi айтып, жұрттың үрейiн ұшырғанда, алдына жан салмайды.
Қауiптiң көкесiн санаңызға ұялат­қан соң, вакцинамен пәледен құтылуды жөн санайсыз. Бiрақ балаларға екпе салуды қамту жоспары орындалған жағдайда, педиатр­лар үстеме ақы алатын жоспарлы жүйе барын және “балаларды оқу және басқа да мекемелерге екпесi болмаған себептi қабылдамай қоюға құқы жоқ” деп анық жазылған Денсаулық сақтау минис­трлiгiнiң ресми хаты барын көбiмiз бiле бермеймiз. Кез келген ата-ана өз баласына вакцина жасаудан бас тарта алады. Ол үшiн алдын ала жазбаша түрде бұл шешiмi туралы хабарлауы керек. Әйтсе де, осындай құқықтық сауатсыздықты тиiмдi пайдаланған дәрiгерлер болашақ ұрпақтың тамырына балта шауып жатқанына есеп бермейтiнi өкiнiштi-ақ.
Ал сионизмдi жақтайтын Рокфеллер әулетiмен байланысы берiк Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) есепсiз екпелердiң арқасында қыруар қаржы тауып отыр, яғни ұрпақты улау арқылы баю­да. Құрамында сынап тұзы, алюминий гидроокси­йi, формальдегид, фенол, жануарлар мен түсiкпен түскен балалардың эм­бриондары, сондай-ақ табиғатта кездеспейтiн, зертханалардан алын­ған вирустар бар вакциналардың атадан балаға, сосын немереге қан арқылы берiлiп, бiртiндеп әсер ететiнi анықталды. Осы қауiптi ескерген АҚШ, Голландия, Ұлыбритания, Германия, т.б. дамыған елдер БЦЖ-ны нәрестелерге жаппай егу шараларына тыйым салған.
Қазақстанның медицина ғы­лымдарының докторы, акушер-гинеколог Раиса Аманжолова БЦЖ, АКДС, т.б. вакциналарын қояндар­ға егiп тәжiрибе жүргiзедi. Қояндардың алғашқы ұрпақтарында аса өзгерiс байқалмайды. Алайда бесiншi ұрпақта бiрде-бiр қоянның репродуктивтiк жасқа жетпегенi, тiрi қалғандарының мiнез-құлқы өзгерiп, бiрiн-бiрi жаралау сияқты қатыгездiк пайда болғаны анықталады. Осындай патологияларды бақылай келе Раиса Садыққызы “вакциналардың бiрден терi iшiне енгiзiлуi иммундық жүйенi әлсi­ретедi, сыртқы қауiптен терi, асқорыту жүйесi, тыныс алу мүшелерi арқылы қорғанатын адам ағзасы күтпеген жерден бiрден вирустық шаб­уылға душар болады” деген қорытындыға келген.
Ата-әже, әке-шешеңiздiң ден­сау­лығын өзiңiзбен салыстырып-ақ шындыққа көз жеткiзу қиын емес. Осыдан кейiн сәби шағынан екпемен өсiп келе жатқан бiздердiң болашақ ұрпағымыз туралы ойлаудың өзi қорқынышты емес пе?!
Медицина ғылымдарының докторы Дж.Комптон Бернетт өз зерт­теулерiнде кез келген екпенiң адам генетикасына аса қауiптi екенiн анықтаса, нейрохирург әрi биология профессоры Р.Блейлок полиомиелитке қарсы ОПВ вакцинасы жүйке жүйесi мен асқорыту жүйесiне керi әсерiн тигiзумен қатар, керiсiнше полиомиелит ауруын тудыратынына көз жет­кiзген. Сондай-ақ, Р.Блейлок жыныстық қатынастар арқылы ғана таралатын гепатит В ауруына қарсы вакцинаны балаларға мүлде салуға болмайды деп тұжырым жасады. Өкiнiшке қарай, бiзде екпенiң бұл түрi сәбидiң алғашқы төрт айын­да қатарынан үш рет салынады.
Кейбiр екпенiң құрамында түсiк­пен түскен баладан, шошқа мен маймылдың клеткаларынан алынатын арнайы қоспа бар екен. Осыларды сәби ағзасына сыналай енгiзудiң ақыры қасiретке соқпайды деп сенесiз бе? Адам ағзасындағы бөтен гендер әйтеуiр бiр кезде өз күшiне енетiнi анық. Сонда осынша лас қоспаның қоймалжыңы ұрпақтың да күлiн көкке ұшырмай ма?
 Жақында Павлодар облысында 12 жастағы екi қыз папилома вирусына қарсы гардасил екпесi­нен кейiн есiнен танып, жағдайы күрт нашарлап жансақтау бөлiмiне жет­кiзiлгенi мәлiм. Қазiр жағдайлары қалыпты болғанымен, дәрi­герлердiң қатаң бақылауында. Десек те, отандық дәрiгерлер вакцинаға шаң жуыт­пай, шыр-пыры шықты. Олай шырылдауға негiз де жоқ емес. Жұрт тегiн санайтын бұл екпелерге мемлекет қазынасынан миллиардтаған ақша, яғни сiз бен бiздiң қаржымыздан бөлiнедi. Түптеп келгенде, өз ақшамызға құрамы күмәндi, қауiп­тi екпелердi салғызудамыз.
Папилома вакцинасының бiр курсы үш реттiк егуден тұрады. Бiр реттiк екпесiнiң құны орта есеппен алғанда 41 мың теңге (40 659 теңге). Ал егiлетiндердiң саны 871 мың адам. Сонда бiр ғана папилома вакцинасына шамамен 35,4 млрд. теңге жұмсалады. Жалпы, жоспар бойынша 2016 жылға дейiн елiмiздiң 11 облысында осы екпе жүргiзiлмек. Демек, адам ағзасын мүгедек етер вакцинаға алда талай миллиардтар бөлiнедi деген сөз.
Ресми деректерге сенсек, “гардасил” екпесiн шығарушы “Merck” фармацевтикалық компаниясы жылына 1,5 млрд. долларға жуық пайда табады екен. Вакцинаға сынақ жүргiзiлгенде, қатысушылардың 73 пайызының жаңа ауру түрлерiн тапқаны анықталған. Соған қарамастан, қазақстандық дәрiгерлер бұл екпенiң пайдасын жарнамалап, шынайы деректер туралы жақ ашар емес.
Бәрiнен сорақысы, екпелердiң қай-қайсысы болмасын адам ағзасын улап қана қоймай, ең алдымен адамдарды белсiздiкке, бедеулiк­ке ұшыратады екен. Бұл мәлiметке сену, сенбеу әркiмнiң өз еркiнде. Десек те, дәл қазiргi Қазақстандағы белсiздiк, бедеулiк көрсет­кiшiнiң күн санап артуына екпенiң әсерi болмады дей алмайсыз. Еркектерi­нiң 20-25 пайызы бел­сiз­дiкке душар болған мемлекет­тердiң ертеңi бұлың­ғыр саналады. Ал бiзде сұмдық болғанда, 19 бен 45 жас аралығындағы азаматтардың 40 пайыздан астамы осы ауруға ұшыраған.
Меруерт Хусаинова 
"жас Алаш"