Оқушылар арасында жүрек ауруы мен диабет өршіп барады

0
889

Мектеп жасындағы балалардың дұрыс тамақтанбауы салдарынан жүрек ауруы мен диабет өршіп барады.

Жеткіншектер негізінен фаст-фуд өнімдерін жеп, газдалған сусындарға құмар.

Осыған байланысты қазақ тағамтану академиясы бірқатар зерттеу жүргізді. Нәтижесінде, оқушылардың сүт өнімдерімен өте аз тамақтанатыны анықталып отыр.

Ал небір тәттілер, жылдам даярланатын фаст-фуд балалар арасында артық салмақ қосып, диабет, жүрек, қан тамырлары ауруына шалдыққандар санын соңғы кезде айтарлықтай өсірген. Бүгінгі таңда әрбір үшінші оқушының салмағы артық.

Балалар денсаулығына алаңдаған мамандар шоколад пен газды сусынның орнын жеміс пен сүт өнімдеріне алмастыруға кеңес береді. Өйткені жасөспірімдер ағзасында кальцийдің жетіспеуінен сүйектің морт сынғыштығы белең алуда. Уақытында дұрыс тамақтанбаған баланың есте сақтау қабілеті де нашарлайды екен.

«Сүт өнімдерінің құрамында ақуыз, кальций, дәрумендер көп. Ол остеопороздың, асқазан-ішек жолдары ауруларының алдын алып, адам ағзасы қорғанысын күшейтуге көмектеседі. Балалар сүт, сүзбе, айран, йогуртпен қатар күнделікті түрлі жемістер мен көкөністерді тұтынуы тиіс», – дейді Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті Юрий Синявский.

nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз