Тұңғыш Президент күніне бірқатар маңызды шаралар жоспарланған – А.Әбибуллаев

N-Nazarbaev-360x200 Жалпыұлттық Тұңғыш Президент күні аясында елімізде бірқатар маңызды шаралар ұйымдастырылады. Бұл туралы аптасайынғы дәстүрлi брифинг барысында ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев мәлiмдедi. «Ағымдағы аптаның басты оқиғасы - 1 желтоқсанда атап өтілетін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні. Бұл атаулы күн 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап жалпыұлттық деңгейде тойлана бастады. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанның басты жетістіктері еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен тікелей байланысты. Қазақстандағы Тұңғыш Президент күні – тарихи таңдау жасалған күн, халықтың бірлік және келісім күні. Жалпыұлттық Тұңғыш Президент күні аясында елімізде бірқатар маңызды шаралар ұйымдастырылады», - деді А.Әбибуллаев өз сөзінде.

bnews.kz