Мәжілісменнің комитет отырысындағы ерсі қылығы

040728943Мәжілісмен Абай Тасболатов комитет отырысына кешігіп келіп, өз орнына жайғасу үшін әріптестернің мазасын қашырғысы келмей, үстелдің үстінен аттап, орнына қарай секіріп өтті. 040728650 Халық қалаулысының осы бір ерсі қылығы ғаламтормен қатар өз әріптестерінің арасында да қызу талқыға түсіп кетті. Халық қалаулыларының бірі "генералдың жиын барысында үстелден қарғып өтуі еш бір этикаға сай келмейтін әрекет" деп бағаласа, енді бірі "депутаттың бұл қылығын әскери өмірінен қалған ескі әдеті болуы мүмкін" деп топшылады. "Ешкімге жамандық істеген жоқ қой. Сол үшін мен ойлаймын ол кішкене тентектік. Бірақ ол этикаға мүлде жатпайтын нәрсе. Мен өзім ойлаймын ол кішкене еркелеп тентектік көрсетті", - дейді мәжілісмен Айгүл Соловьева. "Секіргенде қолды қойып арғы жағына атып сальтомен де өтіп кете аламын. Бірақ негізі ондай лауазымды осындай жерде осындай мәселе көтеріліп жатқанда былай айтқанда салмақты дейді ғой ондай әрекет істеуден қалыс қалған дұрыс еді", - дейді Жамбыл Ахметбеков. Мәселенің мән-жайын депутаттың өзінен сұрамақ болғанымызбен халық қалаулысы сауалымызға жауап беруден бас тартты. "Аға, ассалаумағалейкум! Бір сұрақ қоюға бола ма?" "Уағалейкум. Қандай сұрақ?" "Кешегі сіздің үстелден секіргеніңізге байланысты..." "Ей, қойыңдаршы. Басқа шаруаларың жоқ па?"

nur.kz