Мәжілісменнің комитет отырысындағы ерсі қылығы

4
1171

Мәжілісмен Абай Тасболатов комитет отырысына кешігіп келіп, өз орнына жайғасу үшін әріптестернің мазасын қашырғысы келмей, үстелдің үстінен аттап, орнына қарай секіріп өтті.

Халық қалаулысының осы бір ерсі қылығы ғаламтормен қатар өз әріптестерінің арасында да қызу талқыға түсіп кетті.

Халық қалаулыларының бірі «генералдың жиын барысында үстелден қарғып өтуі еш бір этикаға сай келмейтін әрекет» деп бағаласа, енді бірі «депутаттың бұл қылығын әскери өмірінен қалған ескі әдеті болуы мүмкін» деп топшылады.

«Ешкімге жамандық істеген жоқ қой. Сол үшін мен ойлаймын ол кішкене тентектік. Бірақ ол этикаға мүлде жатпайтын нәрсе. Мен өзім ойлаймын ол кішкене еркелеп тентектік көрсетті», – дейді мәжілісмен Айгүл Соловьева.

«Секіргенде қолды қойып арғы жағына атып сальтомен де өтіп кете аламын. Бірақ негізі ондай лауазымды осындай жерде осындай мәселе көтеріліп жатқанда былай айтқанда салмақты дейді ғой ондай әрекет істеуден қалыс қалған дұрыс еді», – дейді Жамбыл Ахметбеков.

Мәселенің мән-жайын депутаттың өзінен сұрамақ болғанымызбен халық қалаулысы сауалымызға жауап беруден бас тартты.

«Аға, ассалаумағалейкум! Бір сұрақ қоюға бола ма?»

«Уағалейкум. Қандай сұрақ?»

«Кешегі сіздің үстелден секіргеніңізге байланысты…»

«Ей, қойыңдаршы. Басқа шаруаларың жоқ па?»

nur.kz

4 ПІКІРЛЕР

  1. біреу байып секіреді, біреу тайып секіреді, әскерилер тойып секіреді,коммунистер екі қолын қойып секіреді.мәжілісте тек әртістер отырама десек, акробаттарда бар екен ау.серке болып, ерке болып мәжілісте ән айтып, секіргенге не жетсін, тәиірі заң шығару қолда ғой, ертең ақ заңдастырып алауға болады

  2. Үсақ-түйекті, барды-жоқты сөз етеміз. Генерал да адам, депутат та пенде. «Әскери өмірден қалан ескі әдеті ме», әдейі жасады ма кім білсін. Жарайды солай-ақ болсын, адам ғой. Қапшанғы ыздиа берсін енді. Бір рет «қалыптан» шыққысы келген шығар да…

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз