Мәжіліс спикері Мәке, Бәке дегенді қоюды сұрады

7309b0d53d25d8ee287bef10d7fҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевқа ескерту жасады. Премьер Серік Ахметовтың өзі бастап қатысқан төменгі палатаның отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин күтпеген жерден министрлерге азуын көрсетті. Тосын мінез танытқан спикер  депутаттарды Мәке, Бәке деп атауға тыйым салды. Оның ойынша, бұл қазақтың дастархан басында айтатын әңгімесі екен. Ерболат Досаев, ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі: "Уәке, сұрақтарыңызға рахмет". "Я извиняюсь, что перебиваю, У меня к вам просьба: вы вот эту комплиментарность в нашем национальном стиле оставьте там для застолий — Уаке, Баке. Если обращаетесь к депутату — то по имени-отчеству, хорошо?" "Кешірерсіздер..." Сөйтіп депутат Уәлихан Бишімбаевтың сұрағына жауап беріп жатып, Уәке деп қалғаны үшін еліміздің бас экономисті аяқ-асты кінәлі болып қалды. Айта кетсек, Мәжіліс тарихында мұндай қаратпа сөз бұрыннан қолданылып келеді. Оның үстіне, сыйлы замандасын Бәке, Мәке деп атау қазақта бұрыннан бар. Алайда бұл Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллинге жақпайды екен. Бірақ мәжілісмендердің өздерін түсініп болмайсың. Отырыстардың бірінде депутат Шалатай Мырзахметов бұрынғы Дін Істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама-Шарифке өздерін мырзалар деп атауды талап еткен еді. Енді Досаевтан бастап барлық министрге төменгі палатадағы 107 депутаттың аты-жөнін толық жаттауға тура келетін сыңайлы.

"КТК"