Мәжіліс спикері Мәке, Бәке дегенді қоюды сұрады

5
1222

ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевқа ескерту жасады.

Премьер Серік Ахметовтың өзі бастап қатысқан төменгі палатаның отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин күтпеген жерден министрлерге азуын көрсетті. Тосын мінез танытқан спикер  депутаттарды Мәке, Бәке деп атауға тыйым салды. Оның ойынша, бұл қазақтың дастархан басында айтатын әңгімесі екен.

Ерболат Досаев, ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі: «Уәке, сұрақтарыңызға рахмет».

«Я извиняюсь, что перебиваю, У меня к вам просьба: вы вот эту комплиментарность в нашем национальном стиле оставьте там для застолий — Уаке, Баке. Если обращаетесь к депутату — то по имени-отчеству, хорошо?»

«Кешірерсіздер…»

Сөйтіп депутат Уәлихан Бишімбаевтың сұрағына жауап беріп жатып, Уәке деп қалғаны үшін еліміздің бас экономисті аяқ-асты кінәлі болып қалды. Айта кетсек, Мәжіліс тарихында мұндай қаратпа сөз бұрыннан қолданылып келеді. Оның үстіне, сыйлы замандасын Бәке, Мәке деп атау қазақта бұрыннан бар.

Алайда бұл Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллинге жақпайды екен. Бірақ мәжілісмендердің өздерін түсініп болмайсың. Отырыстардың бірінде депутат Шалатай Мырзахметов бұрынғы Дін Істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама-Шарифке өздерін мырзалар деп атауды талап еткен еді.

Енді Досаевтан бастап барлық министрге төменгі палатадағы 107 депутаттың аты-жөнін толық жаттауға тура келетін сыңайлы.

«КТК»

5 ПІКІРЛЕР

  1. қазіргі уақытта бір мекемеде істейтін үлкен кіші жас айырмасына қарамай Сугирбай, Серик, Мансия деп қақылдағанда қайда кіреріңді білмейсің.қазаққа жат дүниеге неге тез бейімделеміз. қарапйым этикалық тұрғыдан алсаңда Бәке мен Сәке сыйластықтың белгісі емес пе.Нұрлан қазақтың өмірі қара шаңырақтағы дастарханнан басталатынын білсе олай айтпас еді. Хорошо. Нурлан дейік енді.

  2. Қазақпын деуге намыстанатын адамның сөзі ғой бұл. Иван Иванович дегеннен арыла алмайтын ақымақ. Батыстың қарғы бауын мойнына тағып адам болып қалдым, жетілдім дейтіндер көп қой әлі. Неткен бейшаралық…

  3. Нұрлан сияқтылыар бара-бара «Қазақ тілі – дастархан басының тілі. Бұл стилде сөйлеуді қойыңдар»,-деуі де ғажап емес. «Бәке, Мәке» деуіміз қазақтың аса сыпайылығын танытатын ерекшелігіміз емес пе еді?

  4. Онда тұрған не бар екен! Орысша ойлаудың жемісі ғой, Нүрланыңыз да орысша таныимен өскен адам болғаны ғой.Бізге тіпті, «бәленше түгеншұлы» деген жасанды көрінеді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз