Серік Ахметов 10 бірдей жоғары лауазымды шенеунікке қатаң сөгіс жариялады

serik_201210 шенеунікке ҚР Премьер-Министрі сөгіс жариялап, тіпті жаза түрлерін тағайындапты. Үкімет басшының сөздеріне сүйенсек, тек жаза тағайындау арқылы мемлекеттік бюджетті орнымен жұмсай аламыз, дәл қазір мемлекет қаржысын пайдалануда қатаң тәртіп керек. 2013-2015 жылдарға жоспарланған мемлекет бюджетін қалыпқа келтіру мәселесімен жиылған отырыста Серік Аметов Парламент Мәжілісі депутаттарының сауалдарына жауап бере отырып: "10 ірі шенеунік тиісті жазаларын алды. Олардың қатарында өз салаларында мемлекеттік қаржының тиімді жұмсалуын қадағалау міндеті жүктелген вице-министрлер, облыс әкімдері және олардың орынбасарлары бар" – деді. Серік Ахметов сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жүйесін қатаң қадағалау керек екендігін айтты: "Біздің үнемі мемлекеттік бюджеттің далаға немесе белгілі тұлғалардың қалтасына кетуі жөнінде мәселені көтере береміз. Ал мұндай олқылықтарға жиі жол берілетін орын – мемлекеттік сатып алу саласы. Алдағы уақытта Үкімет мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасына өзгерістер енгізеді. Бұдан былай бұл сала Үкіметтің қатаң қарауында болады".

qazaquni.kz