Серік Ахметов 10 бірдей жоғары лауазымды шенеунікке қатаң сөгіс жариялады

2
1085

serik_201210 шенеунікке ҚР Премьер-Министрі сөгіс жариялап, тіпті жаза түрлерін тағайындапты. Үкімет басшының сөздеріне сүйенсек, тек жаза тағайындау арқылы мемлекеттік бюджетті орнымен жұмсай аламыз, дәл қазір мемлекет қаржысын пайдалануда қатаң тәртіп керек.

2013-2015 жылдарға жоспарланған мемлекет бюджетін қалыпқа келтіру мәселесімен жиылған отырыста Серік Аметов Парламент Мәжілісі депутаттарының сауалдарына жауап бере отырып: «10 ірі шенеунік тиісті жазаларын алды. Олардың қатарында өз салаларында мемлекеттік қаржының тиімді жұмсалуын қадағалау міндеті жүктелген вице-министрлер, облыс әкімдері және олардың орынбасарлары бар» – деді.

Серік Ахметов сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жүйесін қатаң қадағалау керек екендігін айтты: «Біздің үнемі мемлекеттік бюджеттің далаға немесе белгілі тұлғалардың қалтасына кетуі жөнінде мәселені көтере береміз. Ал мұндай олқылықтарға жиі жол берілетін орын – мемлекеттік сатып алу саласы. Алдағы уақытта Үкімет мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасына өзгерістер енгізеді. Бұдан былай бұл сала Үкіметтің қатаң қарауында болады».

qazaquni.kz

2 ПІКІРЛЕР

  1. Сұры неткен суық Ахметовтың. Мәсімовтің жыбырламайтын түріне қарағанда, осы Үкіметбасы іскер сияқты. Сөгіске ұшырағандардың бірі Әбенов шығар. Ол қайда барады екен?!

  2. «Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды», мемлекеттің ақшасын дұрыс пайдалану керек деп айта бергенмен, шенеуніктер шендерін пайдаланып, қалтасын толтыруды доғармайды. Бұл заңдылық!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз