«Амалым қанша, ұлым үйден қуып жіберді…»

3
1444

Қазақтың қай қаласына бармағын көше бойын жағалап қайыршылар мен қанғыбастар қаптап жүреді. Орыс тілінде қайыршы және қаңғыбас сөздері синоним ретінде қолданылады. Санамызға сініп кеткен бұл ұғым біз үшін үйреншікті жағдай. Рас, қайыршылар саны күннен күнге  артып барады. Соның бір көрінісі бала мен келінге жақпай қалған ата-ана. Көше бойын жағалап алдына бір кішкене табақшасын немесе алақанын жайып телміріп тұрады. Жүрегіңіз дір етіп, аяушылық пен қарап өтіп кетесіз. Қалтаңызда аздаған тиын-тебен болса бересіз, болмаса күн көру де оңай емес қой. Қарағанды қаласында бір жағдай болған еді…

Қазақтың бір ақсақалының «нанға тиын – тебен тастап кетіңізші» деген сөзін құлағым шалып қалды. Өзім болсам студент, қалтамды қағып 50 теңгені бердім. Ата мұнда не істеп отырсыз, сіздің балаңыз барма дегенім сол-ақ екен, «Әй қойшы, қарағым, сенің де сұрайтын сауалың осы ма?» бетіме әлсін күліп қарады. Неге көше бойын тентіреп жүрсіз, балаңыз болса, бақпайды ма, деп айтып салдым. Қазақ деген атқа кір келтірмеңіз, мұнда отырмаңыз, қарныңыз ашса мен өзім бір күндік тамағынызды апарып беріп тұрайын, мекен-жайынызды беріңізші дедім. Ол кісі: «Қызым – ау, мен бейбақты жетіскенен жүр дейсің бе, бір бұрышқа сыймай қалған соң жүр емеспін бе, амалым қанша, ұлым мені үйден қуып жіберді» деп іштегі шерін ақтарып салды. Әлі тыңдап тұрмын…

Ертесіне келсем, үйге сыймай қалған қартымыз көрінбеді. Сөзім батып кетті ме, басқа болды ма, көрінбеді.

Қайыршылардың мәселесі бөлек әңгіме. Өлгенде біреудің малын бағып, немесе ауласын сыпырса да мына күнде нан табуға болады. Мені алаңдатыны – қазақ азаматтарының әке-шешелерін бір шаңырақ астына сыйдыра алмай отырғаны. 1 бөлмелі пәтер болса не болыпты, көңіл сыйса бәрі дұрыс болады деуші едік-ау. Оның үстіне 9 ай көтерген, асырап баққан, арқасынан қаққан, үнемі тілекші боп келе жатқан ата-анасын адамдар қалай ғана сыртқа шығарып жібереді. Құдды бір ескірген, жарамсыз тауар секілді шығарады да тастайды. Ащы да болса шындық, көбіміздің көңіліміз емес, жүрегіміз қарайып кеткен секілді.

Әселхан Торбаева

Қарағанды қаласы

3 ПІКІРЛЕР

  1. Орынды айтылған, дұрыс көтерілген осы күннің өзекті мәселесі….. Дегенмен деймін-ау, қазіргі қариялардан да иман қашып бара жатқан секілді көрінеді маған, өйткені баяғы ақ жайнамазын жайып, оразасын ұстап, иллалап үйде бала қарап отырған кемпір немесе мал асырап отырған шал азайып кеткен бе дерсің… Әрине көпке топырақ шашуға болмас, баяғы сол «бірақ» пен «әттеген-айы» мол… Өз басым тіпті зейнетақы жасы асып кетсе де жастармен жағаласып жұмыс орнында жүрген жексұрын «кемпір-шалдардан» мезі болғандаймын, өйткені қазақта «жақсы ит – өлігін көрсетпейді»-деген сөз осындай жағдайға байланысты айтылған секілді. Зейнетақы жасныа аман-сау жеттің бе, қазақтың қасиетті «ҚАРИЯ» сөзін мойындап, әдемі сөз айтып, әдемі тәрбие беріп, әйел баласы болсаң -әдемі тамақ жасап үй берекесін келтір, ер кісі болсаң әдемі хадистерден оқып, жұма намазын жібермей мешітке барып әдемі қартайған жөн.Ал қазіргі шала қариялар ше, жастармен жағаласып, отқа да, суға да, ақшаға да, басқаға да араласып, күнде бір ұрыс шығарып үйдің берекесін кетірумен әлек, ол аз болғанда көрші-қолаңды жағалап келіндер мен балаларын жамандаудан тайынбайды… Барлығы да сол қанағатсыздық пен иманның аздығы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз