Үйді бәрі салғысы келеді, бірақ...

building-a-house-in-belgorodБаспаналы болуды армандайтын адамдар үшін үйді сатып алудан гөрі қолдан тұрғызу тиімдірек.

Әнуар Жолсейітов есімді азамат Алматы қаласында екі бөлмелі үй салып бітірген. Ол үйді қалай салғандығы, сондай-ақ, баспананы тұрғызғаны үшін қанша қаражат жұмсағандығы жөнінде ойымен бөлісті. "Мен Алматы қаласынан 30 шақырым жерден 5 сотық жерді 1 млн теңгеге сатып алдым. Жердің құжаттарын жөндеу үшін біраз уақытым кетіп қалды. Сондықтан жер алып, үй салам деген адам құжатына тиянақты қарағаны жөн. Сатып алған жеріме 2 бөлмелі үй (9Х7) тұрғыздым. Осы үйдің іргетасын құю үшін 260 мың теңге кетті. Үйдің қабырғасын көтеру үшін 8 мың кірпіш алдым. Бір кірпіш – 18 теңге. Кірпішті өзім жүк көлігімен тасыдым",- дейді Әнуар Жолсейтов. Бұған қоса, Әнуар кірпіштен бөлек, құрылыс материалдарын да сатып алғанын айтады. Төбені жабуға шамамен 250 мың теңге жұмсаған. Кейбіреулер үй салу үшін адам жалдаса, ол інілерінің көмегімен үйді өзі тұрғызған. "Осы тұрғыда сәл үнемдедім деуіме болады. Бәрін есептегенде, қалтамнан 4 млн ақша шықты,"- деп сөзін аяқтады азамат.

nur.kz