Дәрігерлер дабыл қағуда: ақтөбелік ер азаматтар семіріп барады

0
944

Ақтөбелік ер азаматтар семіріп барады. Таразы мен статистикалық көрсеткішті теңестірген аймақ дәрігерлері осылай деп дабыл қағуда.

Мамандар «май басқан ағза түрлі дерттерге тез шалдығады» дейді. Әсіресе, жүрек-қан айналымы жүйесі мен қатерлі ісіктің белең алуы қауіпті. Осыған орай бүгіннен бастап шара қолдану қажет деп отыр.Өңірдегі ерлердің 50 пайыздан астамы артық салмақтың құрбанына айналған. Ал ауылды жерде бұл көрсеткіш 18 пайызға жетіпті.

130 келіден артық салмағы бар азаматтарды тіпті компьютерлік томографқа түсіру мүмкін емес көрінеді. Демек, ем-дом жасауда да қиындықтарға тап болады.

Айта кетейік, 35 жастан асқан адамдар салмағын сақтап қала алмайды.

«Дұрыс тамақтанбау, халықтың арасында тамақтану мәдениеті өзгеруіне байланысты. Және де дене шынықтырумен айналыспауға, физикалық күш түсірмеуге байланысты қазіргі таңда семіздік, артық салмақпен халық көбейіп келе жатыр. Көбіне компьютерде отырады, одан кейін машинамен, жоғарыға лифтпен көтеріледі. Соған байланысты семіздік көп», – дейді Ақтөбе қ. № 1 емхананың аймақтық дәрігері Гүлнәр Қожахметова.

«Астана» арнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз