ОРЫСША СӨЙЛЕУ – НАМЫССЫЗДЫҚТАН...

  QAZAQ TILI

НЕ ДЕГЕН «БАҚЫТТЫ» ЖАНДАР...

   Өткендегі, бір жазғанымда: телеарнаны қоюға қорқатын болдым, қазақтар орысша сөйлеп жатса жүрегіме зақым келеді ме деп. Бір мен емес, талай қазақтың жүрегіне зақым келіп жатқанын білемін. Сол, орыс тілді қазақтарға бір жағынан қызығамын. Не деген бақытты жандар. Қазақтың ұлтжанды азаматтары сияқты, ұлтының, тілінің болашағын ойлап, қоғамдағы әділетсіздіктерге күйіп жанып, жүректері сыздап жүрмейді.  Олар үшін қазақ болашағы, тәуелсіздікті сақтау деген ұғым жоқ... Басқа ұлттарды, қазақ болашағы қалай қызықырмаса, орыс тілді қазақтарды да солай қызықтырмайды. Меніңше, орыс тілді қазақ демей, «Қазақ түсті» орыс деп атағанымыз дұрыс болар. Өнердегі, спорттағы қазақ жастары да ұлт, тілі болашағына алаңдап жүрмесе де, орысша сөйлемегендеріне  шүкір делік... Олардан да, қоғам, ұлт мүддесін ойлайтын, ақты ақ, қараны қара деп, әділдікке араша түсе алатын «ЕР,азмат,» деген атқа  лайықтылар шығып қалар? Бірақ намыстанбасын, әзірше көрмей тұрмыз. Мақұл, жастарды қамшылап алдық. Түсінігі бар, көзі ашықтары түсіне жатар.   Жазушылар одағында 700 мүше бар деп есіттім. Соның ішінде ары кетсе 20 зиялы атына лайықтылар: қалғанын кімдер дейміз? Өзін-өзі зиялы санайтын дар ма? Мынаны қараңыз.  Жазып отырғанымда, телеарнадан «Білім» бағдарламасын қоссам  /09.11.2013ж сағ.22 –шамасында/ қазақтың үш ғалымы қазақ тілінің қадірін кетіріп,  бір-бірі мен орысша сөйлесіп отыр.  Мемлекеттік, өздерінің ана тілінде неге сөйлемейді? Енді ұят. Намысың келеді. Біз 1937-38 жылдары репрессияға ұшыраған  зиялыларымызды, ұлтымыздың қаймағы деп атадық.  Ұлт зиялылары, қаймағы десек те, ұлтына істеген қызметтері аттарына лайықты. Кейде телеарналардан зиялы қауымдар деп көрсетіп жатады. Бірақ іштерінен зиялы атына лайық біреуін де көре алмайсың... Зиялы деп көрсеткені мен халықта нағыз зиялының кім, зиялы атына лайық еместер кім біле бастады.

                                      ҚАЗАҚТАР ОРЫСШАЛАП СОҒЫП ТҰРАДЫ

  Біздегі телеарналарда, қазақтар орыс тілінде бағдарламалар беретінін енді түсіндім.  Қазақтарға емес, орыс тілді қазақтарға арналған екен. Өткенде де біраз мысалдар келтіргенмін. Тағы да көрейік. КТК телеарнасы: 21.10.2013ж, сағат 18-30- бес қазақ әйелі, жүргізуші қыз, бала бәрі орысша сөйлеп тура бір Қазақстан емес, Россияда жасап жатқандай. 24 КЗ: 22.10.2013ж. Қазақ тарихы туралы орысша айтуда. Басқаларға қазақ тарихының қажеті не?  «Мәдениет» бағдарламасы: 31.10.2013ж, сағат 21-55- цирк әртісі Ләззат Алтынбековамен кездесуде, бәрі  қазақ жастары бола тұра, сұрақтарын орыс тілінде беруде. Л.Алтынбекованың жауабы да орысша. Л.Алтынбекова кездесуді қазақша бастағанда, қазақша өтер еді.  Жастар да сауалды қазақ тілінде беріп, апаларына қазақ тілінде сөйлемегеніне сын айтулары керек еді. Сол күні хабардан «Мужской история» деген бағдарлама берді. Отырғандар бәрі қазақ, тілдері орысша.  Тағы жарыса сөйлейді ғой, шіркіндер. «Білім» арнасын қоссам тағы орысша. Осыдан кейін қалай жүрегің ауырмай ды? Қазақстан, тура бір Россияның отары қалпына қайта түскендей, көріністерді көресің. Астана телеарнасы: 02.11.2013жыл, сағат 14-50 – «Лица столицы» бағдарламасында, қазақтар орысшаны соғып тұр. «Астана келбеті» деп қазақша берсе болмайды ма? Артынша «Красавщик» деген бағдарламада, қазақ баласы, көшеде қазақтарға, баламның атын қойып беріңізші деп орысша сұрауда. Не бұл? Қазақтар, телеарнада орысша сөйлеуді қашан қоясыңдар?! Өткенде «Шоу 40 миллион» туралы:  Елі, жері, телеарна, ақшасы қазақтыңке, жүргізуші де, қатысушы да қазақтар, бірақ орысша жүргізілетінін сынаған едім. Әледе, орыс тілінде жүргізуін тоқтатар емес. Бағдарлама Россияда өткендей, қазақ тіліне аударма жасайды.  Байқайсыздар ма? Күйдіргенде,  қазақтарды бала-шағасымен қоса орысша жарнама айтқызып қояды. Телеарналардың әзіргі бағыттары,  2020 жылы Қазақстан халықының 95 пайызы қазақша емес, орысша сөйлетуге үгіт-насихат жүргізілуде ме деп қорқамын. Қазақстанның «Ұлттық ғарыш агенттігі» бар. Мемлекеттік емес, ұлттық деп аталады. Осы жылы 8- қараша күні Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат  Мұсабаев Астанада Евразия университетінің студенттері мен кезедесуін көрдім. Қатысушы студенттердің бәрі қазақ жастары. Аты «Ұлттық агенттік» бола тұра, төрағасы Т.Мұсабаевтың ұлттық тілде емес, орыс тілінде сөйлегені қандай ерсі көрініп тұрды. Бізге космонавт, немесе үлкен лауазым иесі  болғанынан, ұлтының нағыз азаматы  болғаны қадірлі және құрметке ие.

                                                        ТОЛЕРАСТИЛЕР

    Парламенттегі, қазақ депутаттары қазақша сөйлейтін болды. Ал үкімет мүшелерін, әкімдерді, С.Ахметовтан бастап қай жерде болсын Россияның мемлекттік тілінде сөйлеп, жауап беріп жатқанын көреміз. М.Тайжан орыс тілді шенеуініктерді «Толерастилар» деп, тауып айтыпты. Осылай «Толерасит» деген жаңа термин пайда болды.  Нағыз қазақтар, Тәуелсіздік алғанымызда қалпағымызды аспанға лақтырып қалай қуансақ, толерастилер де, Қазақстан қайта Россияға қосылса солай қуанатын түрі бар.  Президентімізде көбіне орысша сөйлейтін болғансоң, мемлекеттік тілде сөйлеуге қатаң талап қоймай келеді. Қайта, кейіндері орыс тіліне дем беріп қоюда. Президент, қазақша сөйлеуге қатал талап қойса, шенеуініктеріміз қазақша бұлбұлдай сайрап, майысқан тілдері де түзеліп кетер еді. Жақында Өзбекстаннан келген жұмысшы, сіздердің президенттеріңіз телеарнадан,  халқының алдында  орысша сөйлейді екен. Біздің  президентіміз, И.Каримов халықтың алдында телеарнадан тек өзбек тілінде сөйлейді деп ұялтқаны бар ма? -Бізде, Өзбекстанға қарағанда орыстар көп болғандықтан президент кейде орысша сөйлейді деп ақталдым. Тоқетері. Қандас, бауырларым өз еліңде, жеріңде тұрып теларнадан, басқа ортада орыс тілінде сөйлеуді, жауап беруді доғарайық. Ұят. Қазақта «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді» дейтін еді, ана тілімізді аяқ асты қылатындарды  толерастилермен қоса, «Намыссыз қазақтар» десек те болады. Әй қайдам? Сөз сүйектерінен өту қиын-ау.

                                                                               Жарқынбек СЕЙТІНБЕТҰЛЫ,

ОҚО «Азат» қозғалысының ардагері

www.qazaquni.kz