Талдықорғанда үшемге аяғы ауыр ана түсік тастады
2013 ж. 11 қараша
4227
0

Талдықорған қалалық емханасының "Әйелдер кеңесінің" меңгерушісі Алма Әубәкірова жас ана ауруханаға келгенде жағдайы өте ауыр болғандығын, тіпті жүктілік кезінде дұрыс медициналық кеңес берілмегендігін айтады.
Гүлсанат 10-11 апталығы кезінде есепке тұрған. Арнайы тізімге кіргізілген. Бақылау жүргізіліп отырды. Соңғы дәрігердің жазуы 3 қазанда тіркелген. Дәрігер оған жүктіліктің 20 аптасы үшем деп жазған. Сосын аяғында аздаған ісік бар деп көрсеткен. Үй жағдайында қабылданатын ем жазылғандығын да баяндап берді. Гүлсанаттың отбасы мен туған-туыстары перзентханаға ауырмай барып, үшемнен айырылып қалғанына қынжылып отыр. "Ол үйде түсік тастаса, онда басқаша ойда болар едік. Ауруханаға 2-3 күн жатқан адамның баласы осындай жағдайда түсіп қалды дегенді естігенім осы болар", - дейді Гүлсанаттың анасы Биғайша Керімбаева. Облыстық медициналық қадағалау департаментіне жас ана әлі шағым жазбаған. Ондағы мамандар егер талап-арыз түссе, міндетті түрде тексеріледі деп отыр. "Аталған азаматша шағымданса, заңды түрде біздің сұрауларымыз бойынша тексеру тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен жүргізіледі. Толғымен тексеріліп, құқық қорғау органдарына жіберіледі", - деп мәлімдеді облыстық медициналық және фармацевтикалық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Мүсәлі Сейітқұлов. Ал мерзіміне жетпей түсікке ұшырған үшемдердің ата-анасы дәрігерлердің қызметіне қатысты құзырлы органдарға шағым дайындап жатыр.24 арна