Қазақ тілін шеттеткен БАҚ лицензиядан айырылады

5b829bМемлекеттік тілге қатысты "50/50" қағидатын сақтамаған бұқаралық ақпарат құралдары лицензиядан айырылады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті. Министр атап көрсеткендей, қазіргі заңнамаға сәйкес, Қазақстандағы барлық бұқаралық ақпарат құралдарына қазақ тілді контенттің көлемі 50 пайыз болуы шарт. "Алайда бұл қағидатты ұстанбайтын БАҚ-тар бар. Осы мәселеге қатысты біз бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілерін жинап, бірнеше кездесу өткізген болатынбыз. Соңғы рет 21 қазан күні жүздестік. Сол кезде олар желтоқсанға дейін бәрін реттеп қоямыз деп уәде беріп, ант суын ішкен", - дейді М.Құл-Мұхаммед. Осыған орай, министр заңнаманы сақтамайтын телеарна мен басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты тиісті жазалар қолданылатынын, тіпті лицензиялары қайтарылатынын жеткізді.

ҚазАқпарат