Аңсап келген биігің «Жезөкше» болса...

974693_1383902114_300_0_0Егер пияр керек болса менің осы жазбам Шыңғыс үшін пияр-ақ болсын. "Айтуға ұят, айтпасаң қиянат" дейді қазақ. Кей азаматтарымыздың ұсақталып, жігіттік болмыстарын жоғалтып алғаны осындай шақтарда көзге ұрады-ақ. "Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді" деуші еді. Бұл Шыңғыс иттің қасында байғұс боп қалды. Намыссыз еркек отбасының да, Отанының да соры деген осы. Мен бетімді бастым.Өткен жылы Жанна Исабаева есімді режиссердің қазақ қыздарының абыройын төгіп, ар-ұятын жер қылған туындысы жарық көрген еді. Сосын әлгі фильмді Алматының кинотеатрларынан көрсетеді дегенде үлкен дау туды. Намысы бар ел "тоқтатыңдар!" деп айқайлады. Нәпсісі құтырғандар көргенше асықты. Десе де қарындасым, ұрпағым деген қауым үнсіз қалған жоқ. Сөйтіп Исабаеваның былығына көптің наразылығымен тыйым салынғаны бар. Енді келіп әлгілердің ісін Шыңғыс Әлкеев жалғастырып әкетіп отыр.Өзін «Қазақ рэпінің ханы» деп жүрген «мықтының» атаманға лайық ісі осы болса, басқаларға беретін үлгісі қандай жаман. Сонда Алматыдан Шыңғысты тәртіпке шақыратын бір қазақтың табылмай қалғаны ма?Шыңғыс-ау,«жігіттің құны - жүз жылқы, ары - мың жылқы» деген нақыл қайда қалды?  Ер жігітке өлімнен ұят күшті еді ғой, Шыңғыс? Жеке кешіңнің пайдасы үшін өз ұлтыңның қызын шешіндіріп тастадың, Шыңғыс. "Жезөкше" себепті бағың жанып жатса қанеки? Ондай бақ бақ емес, сор. Өзге елдің жігіттеріне қарасаң, қарындасының абыройын қорғаштап шыж-пыж боп жүреді. Қажет болса жаға жыртысуға дейін барады. Ал, сен болсаң атақ пен ақшаның жолында жігіттігіңді құрбан қылған екенсің, Шыңғыс. Өнер, өнер деп жүргендегі мықтылығың осы ма?! Атым Шыңғыс деп аңсап келген биігің «Жезөкше» болса...

Aзамат БИТАН

Ұлт порталы