Павлодарда жоғалып кеткен 14 жастағы оқушының денесі табылды

08-84Павлодар өңірінде жоғалып кеткен оқушының денесі табылды. Бұл туралы Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап 24.kz хабарлады. 14 жастағы қызды қаскөйлер мектептен қайтып келе жатқан жолдың бойына көміп кеткен. Қазір оқиға орнында  тергеу тобы жұмыс атқаруда. Оқушының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалған. Ал күдіктілер іздестіріліп жатыр. Айта кетейік, Павлодар облысы Евгеньевка ауылының тұрғыны 14 жастағы Настя Шәріпова қазанның 21-і күні із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Оқушы мектептен 500 метрлік қашықтықтағы үйіне қайтып келе жатқан. Қызды іздеуге 700-ден астам адам жұмылдырылып, олар 2 аптадан астам уақыт бойы өңірді шолып шықты.

ҚазАқпарат