Алматы мен Астана қатар дамып келеді

images (1)Алматы Астанамен бірге көркейіп жатыр, оңтүстік астанада даму жағынан ешқандай кемшілік жоқ. Кеше Алматыдағы бірнеше нысанды аралап көрген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарын осындай тұжырыммен қорытындылады. ҚР Президенті Әл-Фараби даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысындағы жаңа жолайрықты барып көрді. «Қаланың басты мәселесі – экология, көшеде көлік кеп­телісі бар, сол себепті жолайрықтардың салынуы өте дұрыс. Өткен бір жылдың ішінде ғана 13 жолайрық салынған. Енді олардың саны 20-ға жетеді. Көлік кептелісі азайып, қала ауасы аз ластанатын бола­ды», – деді Елбасы. Бұдан соң Мемлекет бас­шысы MEGA-2 жаңа сауда – ойын-са­уық орталығында болды. Бұл – MEGA ор­та­лығының жанынан бой көтерген қо­салқы кешен. Үш деңгейлі орталықтың аума­ғы – 78 850 шаршы метр. Сөйтіп, бұ­рын­ғы сауда-ойын-сауық орталығы екі есе аумаққа ұлғайып отыр. Жаңа ғимарат­тың жобасын ағылшынның Chapman Taylor сәулет компаниясы жасаған. Қазіргі за­ман­ғы орталық 1400-ден астам жаңа жұ­мыс орнын ашуға мүмкіндік берді, соны­мен бірге, ол мемлекет қазынасына ауда­ры­латын салықтың көлемін арттырды. Биыл MEGA Alma-Ata-ның алғашқы ор­та­лығы қазынаны 400 млн теңгемен байыт­са, енді келер жылдан бастап, кеңейтілген кешен бюджетке 1 млрд теңгеден астам қаржы түсіретін болады. Сауда-ойын-сауық орталығында әйгілі брендтерді айтпағанда, 1000 орындық амфитеатр, түрлі арт-инсталляциялар, 9 мейрамха­на­дан тұратын кластер, ойын-сауық парктері, алып аквариум және тұрғындардың ты­ны­ғуы мен көңіл көтеруіне арналған басқа да орындар бар. «Аймақтарды, соның ішінде, Алматыны аралай отырып, мен жаңадан салынған, адамдардың жайлы өмірі мен қаланың тиімді дамуы үшін қажетті көлік инфрақұрылымы және әлеуметтік сала ны­сандарын қарап шығамын. Алматы мей­лін­ше әдемі әрі өмір сүруге қолайлы болып келеді. Мына сауда орталығы қазіргі за­ман­ғы нысан ретінде қалаға сән береді. Жас­тар ешқайда бармай-ақ осы жерден киінетін болады. Алматыда қонақүйлер де пайдалануға беріліп жатыр. Тұтастай ал­ған­да, Алматының жағдайы өркендеп келеді, жергілікті әкімдік бұл бағытта көп жұ­мыс істеп жатыр. Жолайрықтар мен мет­роның енгізілуі, көшедегі жолдардың кө­гер­тілуі, жөнделуі, барлығы халыққа жақ­сы. Үйлер де салынып жатыр. Инвести­ция­лық ахуал жөнделіп келеді, соның бәрі Ал­ма­тының Астанамен бірге көркейіп жат­қанын, бұл жерде ештеңенің тоқтап қал­ма­ғанын көрсетеді деген тұжы­рымға ке­луі­мізге болады. Алматылық­тарға жақсы­лық, тыныштық, бақ-береке тілеймін!» – деді Президент. Оңтүстік аста­наға бокстан Қазақстанда өткен тұңғыш әлем чемпио­на­тын тамашалау үшін келге­нін айтқан ол бұқаралық ақпарат құралда­ры­ның көмегі­мен біріншілікке қатысқан спортшыларға құттықтау сәлемін жолда­ды. «Мен біздің тамаша боксерле­рімізді құттықтағым ке­леді. Бокста Қазақстан дәл мұндай жеңіске бұрын-соңды жеткен емес. Әлем чемпио­наттары тарихында бокс­тан алты медаліміз болса, енді бір чемпионаттың өзінен төрт алтын, жалпы­ко­мандалық есепте бірінші орын алдық. Мен чемпиондарды шын жү­ректен құттық­таймын, олардың табысына қуаныштымын. Бұл да Қазақстанның гүл­денуін насихат­таудың бір жолы деп ес­ептеймін», – деді Н.Назарбаев.

Болатбек Мұхтаров, "Алаш айнасы"