Қайрат Түнтековтің шуы басылған жоқ

ff6f04c1d5611c5ea834fcab62cbc0a2Белгілі әнші Қайрат Түнтеков тағы да іздеуде! Оның шетел асып шығуына тыйым салынған. Сот орындаушысы Зиябековтің айтуынша, әртістің тұрғылықты мекенжайын анықтау кезінде қиындықтар туған. «Оның сот отырысында көрсеткен мекенжайы қате болып шыққан. Ол көрсеткен орында үй емес дүкен тұрғаны мәлім болды. "Біз әншінің анасына хабарласып көргенбіз, ол бір апта уақыт беруді сұрады. «Ол өзі хабарласады» деген. Алайда, хабар болмады. Қазір оның шетелге шығуына шектеу қою жөнінде қаулы шықты. Бұл қаулы ҚР ҰҚК Шекара қызметіне жолданады. Алдағы күндері біз сот алдына Түнтековке іздеу жариялау мәселесін қоямыз», деді Зиябеков. Еске сала кетейік, өткен жылдың 28 желтоқсанында әнші Қайрат Түнтеков Алматы қаласында жол-көлік оқиғасына себепкер болған. Ол көлігімен Toyota Land Cruiser 100 автокөлігін соғып, осыдан соң оны 40 күнге қамауға алған. Сонымен бірге ол бүлінген көліктің ақысын төлеуге тиіс еді.