Ресейде құлдық құрығына түскен қазақстандықтар

rabstvo24062013-2Құлдық құрығына түскен қазақстандықтар. Қарағандылық жиырмаға жуық азамат Ресейге барып жұмыс істейміз деп алданып қалған. "Жалақы 50 мың рубль, баспана мен жолақы тегін болады" деп сендірген жұмыс беруші міндеттерінің бірін де орындамаған. "Аты бар да заты жоқ" мекемеге жұмысқа тұрғандарын отандастарымыз тек кейіннен барып білген.Айтуларынша, оларға уәде етілген ақша төленбепті. Ал қазақстандықтармен еңбек келісім-шарт жасасқан фирманың Екатеринбургте тек қағаз жүзінде ғана жұмыс істеп келгені анықталды. "Құрылыс орнына келсек, бізге айтылған жұмыс емес екен. Пәтер уәде еткен, ол да жоқ. Өзіміз келіспесек, далада қалар едік. Жұмыс істедік, бірақ қолымызға ақша тиген жоқ", - дейді жәбірленуші Алиса Цуркан. Жәбірленушілердің айтуынша, олармен бірге жиырмаға жуық қазақстандық жұмыс істеген. Қалғандарының елге оралған-оралмағаны жөнінде ақпарат жоқ. Ал полицейлер болса, іске қатысты құжаттарды Екатеринбург қаласына жіберіпті. Келісім-шарт сонда жасалғандықтан тергеу амалдары да сол елде жүргізілетін болды.

nur.kz