Назарбаев президенттік мерзімнің соңына дейін жұмыс істеуге дайын

___________________411861377Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылғы президенттік мерзімнің соңына дейін жұмыс істеуге дайын, деп хабарлады бейсенбіде мемлекеттік "Хабар" телеарнасы. "Басшылар, президенттер туралы үнемі әңгіме етеді, оның қалай өмір сүретіндігі туралы әңгімелесу қызық қой? Үнемі, ол сырқаттанып жүр, бір жаққа кетпек дейді, мен ешқайда кетпеймін, мені халық 2016 жылғы желтоқсанға дейін сайлады, одан әрі не болатынын көре жатармыз. Барлығы, Аллаға шүкір, жақсы!", - деді Назарбаев Орал қаласының тұрғындарымен кездесу кезінде. Қазақстан басшысының денсаулығы туралы сұрақты ардагерлер қойды.

"Новости-Казахстан"