Назарбаев президенттік мерзімнің соңына дейін жұмыс істеуге дайын

3
1130

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылғы президенттік мерзімнің соңына дейін жұмыс істеуге дайын, деп хабарлады бейсенбіде мемлекеттік «Хабар» телеарнасы.

«Басшылар, президенттер туралы үнемі әңгіме етеді, оның қалай өмір сүретіндігі туралы әңгімелесу қызық қой? Үнемі, ол сырқаттанып жүр, бір жаққа кетпек дейді, мен ешқайда кетпеймін, мені халық 2016 жылғы желтоқсанға дейін сайлады, одан әрі не болатынын көре жатармыз. Барлығы, Аллаға шүкір, жақсы!», – деді Назарбаев Орал қаласының тұрғындарымен кездесу кезінде.

Қазақстан басшысының денсаулығы туралы сұрақты ардагерлер қойды.

«Новости-Казахстан»

3 ПІКІРЛЕР

  1. көкжал мырза көкжалға тән әріден ойлап келешекте президентті сайлауда болар келелі мәселені түйіндеген екен, дұрыс қосылып, қолдаймын. расында ел тыныштығының өзі нұрекеңнің қателеріне көз жұмбаймен қарататын сынды, тек ағамыз сайлауға 16 жылы жеткенмен одан әрі алжып кетпесе.оған қоршаған жандайшаптары әбден жеткізуі мүмкін. жалпы 16 жыл тарихта қалған дата ғой, ол кісіге сақтық қажет.

  2. Елбасысыз халық болмайды, мәселе халықтың әл-аухатының жақсаруында, қымбатышылық, жемқорлық, әділ бәсекелестікті орнату күн тәртібіндегі басты мәселелер, Президентке құдай денсаулық берсе мейлі 2016 жылдан кейін де отыра берсін, екі нәрсе ғана орындалуы шарт – әділ әрі адал қоғамды құратын саясаттың қағидалары, екінші ұрпақ сабақтастығы яғни бейбіт жаңа президенттік кезеңге өтудің алғы-шарттарын жасау.
    Біз келесі президенттің уақытында қалыпты даму үрдісінде жүруіміз керек, бұл дегеніміз дәстүрлі сайлау қағидарын мойындап, халықтың таңдауына сүйенетін нағыз басқарушы тұлғаларды анықтау…

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз