Ауыл әкімі әйелді соққыға жыққан

pl_324v56y57h78Қостанай облысындағы Қалам-Қарасу ауылының әкімі келіншекке қол көтергені үшін әкімшілік жазаға тартылды. Оның ашуына тиіп, қолын көтеруіне себеп болған – әйелдің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген билбордтың қасына барып фотоға түсуі. Жергілікті соттың ақпаратына қарағанда, айыпталушы әкімдік жанындағы президент Назарбаевтың портретін суретке түсіріп алған әйелді кабинетіне шақырып, президент портретін не үшін суретке түсіргенін сұраған. Сөйтіп, оның басын жарға ұрып, буындырып, бетіне түкірген. Жәбірленушінің миы шайқалып, денесі көгерген. Айыпты деп танылған әкімге 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (шамамен 86 мың 550 теңге) айыппұл салынған. Айыппұлмен-ақ әйелге қол көтерген лауазымды басшы жазасын өтеді...