Ауыл әкімі әйелді соққыға жыққан

7
1045

Қостанай облысындағы Қалам-Қарасу ауылының әкімі келіншекке қол көтергені үшін әкімшілік жазаға тартылды. Оның ашуына тиіп, қолын көтеруіне себеп болған – әйелдің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген билбордтың қасына барып фотоға түсуі.

Жергілікті соттың ақпаратына қарағанда, айыпталушы әкімдік жанындағы президент Назарбаевтың портретін суретке түсіріп алған әйелді кабинетіне шақырып, президент портретін не үшін суретке түсіргенін сұраған. Сөйтіп, оның басын жарға ұрып, буындырып, бетіне түкірген. Жәбірленушінің миы шайқалып, денесі көгерген.

Айыпты деп танылған әкімге 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (шамамен 86 мың 550 теңге) айыппұл салынған. Айыппұлмен-ақ әйелге қол көтерген лауазымды басшы жазасын өтеді…

7 ПІКІРЛЕР

  1. Ол әкімді мен де танимын. Бірақ кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін білмеймін. Бірақ әкім үшін де, әйел үшін де ұяламын. (себебі, ол менің ауылым гой)

  2. Өтірікші әйел бұл әйел. Психикалық ауырат, неге бундай адамда мектепте сабак берет тусинбейм. Әр еркектің ойнасы, букіл халык білет бул Жанна Ерекинаны. Уятсыз.

  3. Анау әйелдідң психикалық ауруы бар күйеуіде сондай. Әдейі ұйымдастарып барган. Денесіне засос салдыртып, тырнатып. Бұл ауылдың әкімі 16 жыл мектеп директоры, 10 жыл әкім болған кісі. Ақкөңіл, адамгершілігі мықты азамат. Нағыз еркек, адал жар, керемет әке. Балалары тәртіпті, ибалы, инабатты. Ол әйел әлі жазасын тартады құдайдан. Ел болып, халық болып ауыл әкімін қолдаймыз. Тек мықты денсаулық тілейміз әкімге.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз