"Темірбанк" тоналды

photo_106297Кеше Алматы қаласының Абая және Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан "Темірбанкке" сырртан ұры басып кіріп, 37 миллион қаражатқа қол салған. Ұрылар банк қызметкерлерінің түскі үзілісін пайдаланып, 1-қабаттың ашық тұрған терезелерінің темір торларын кесіп кірген. Болжам бойынша, кассаның  қомақты қаражаты үстел үстінде жатқан. Банк ғимаратында орналасқан камералар бір ұрының банк қызметкерінің арнайы киімін кигенін анықтаған. Қалған қылмыскерлер белгісіз. Қылмыстық топтың құрамында неше адам болғаны да беймәлім. Дәл қазір бұл қылмысқа байланысты арнайы орган қызметкерлері тергеу мен іздестіру амалдарын жүргізіп жатыр.

qazaquni.kz