Тағы да жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауы
2013 ж. 21 қазан
2179
1
Қарағанды облысында 14 жастағы 9-сынып оқушысы өзіне-өзі қол жұмсады, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
«20 қазан күні Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Қызылжар стансасындағы үйдің ауласындағы сарайдан 14 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды. Оқушы жіппен асылып, өз өмірін өзі қиған», - деп жазылған хабарламада.
Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде. «Жасөспірімнің осындай қадамға не себепті барғаны анықталуда», - деп қосты облыстың ІІД баспасөз қызметінен.