Атырау облысында ядролық сынақтардың салдары зерттеліп жатыр

 0b16d01428c9a81119607c5e9872d6b4Құрманғазы ауданы Балқұдық ауылында Азғыр әскери полигонында жасалған ядролық сынақтардың салдарын зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл полигонда 1966 мен 1979 жылдар аралығында 17 жерасты ядролық жарылыс жасалған. Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық мамандары Семейдегі Радиациялық медицина және экология ғылыми зерттеу институты, Алматы Ядролық физика институтындағы әріптестерімен бірлесе жергілікті тұрғындардың, әсіресе ядролық сынақтар кезінде осы аймақта тұрған адамдардың денсаулығын тексеріп жатыр. Медициналық тексерістен басқа, ауадағы, су мен жер қыртысындағы радиация деңгейі анықталуда. Әскери полигонның жабылғанына 30 жылдан асты, алайда Азғыр аймағының тұрғындары әлі күнге дейін ядролық сынақтың зардабын тартып жатыр. 2002 жылы Атырау, Құлсары қалалары мен Мақат ауданының тұрғындары медициналық тексеруден өткен еді. Тексеру барысында анықталғандай, тұрғындардың 100 %-ы бүйрек патологиясына шалдыққан, ал 70% -ында несепте сынап болған, бұл дегеніміз радиацияның айқын белгісі. Дәрігер-генетик Мара Битенованың айтуынша, зерттеу жұмыстары аяқталуға жақын. Зерттеудің нәтижелері жылдың аяғында белгілі болады.

bnews.kz