Мәскеуліктер кавказдықтар мен Орта Азиялықтарды қыруда

0
964

photo_105240«Ресей тек орыстар үшін» немесе «Мәскеу тек мәскеуліктер үшін» – деген ұранды алға тартатын Мәскеудің қызуқанды тұрғындары қала тыныштығын бұзып жатыр. 10 қазан күні 25 жасар Егор Щербаков деген Ресей азаматы сүйіктісінің көзінше кавказдықтар қолынан қаза тапқан. Қылмыскерлер оқиға орнынан іздерін жасырған. Көше камералары олардың кавказдықтар екенін анықтады. Осы оқиға мәскеулік ұлтшыл жастардың өшін ушықтырды. «Бирилюво» ауданында бейбіт шеруге шыққан жастардың шеруі қантөгісті төбелеске ұласқан. Тәртіп сақшылары 380 адамды қолға түсірді.

Ұлтшыл жастар мигранттар жиналатын орын деп «Бирюза» сауда орталығының алдындағы алаңға шыққан. Шеру тәртіпсіздікке ұласқан кезде келген полицей қызметкерлеріне жастар бөтелке мен қоғыс лақтырып, жағдайды одан сайын ушықтырған. Қазір Мәскеу қаласында арнайы «Спецназ» және барлық Мәскеулік полицейлер күші жұмылдырылып, «Вулкан» жоспарын орындауда.

Мәскеудің жергілікті тұрғындарының сырттан келген  кавказдықтар мен азиялықтарға қарсы әрекет көрсетуі үйреншікті жағдайға айналып барады. Алыс-жақын шетелдіктердің жиі баратын Ресей астанасында Ресей Үкіметінің «ұлтшылдық» мәселесін бір жолға қоймағаны өкінішті.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз