Шымкентте келін енесін соққыға жыққан

1359724223Шымкент тұрғыны өзінің енесіне қол жұмсағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуда, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары Оңтүстік Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл іс Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды. Соттың мәліметінше, 2013 жылы 30-шілде күні А... өз үйінде енесі екеуінің арасындағы ұрыс-жанжал барысында енесін ұрып-соғып оның денесіне жеңіл дәрежедегі жарақат салған. "Сотта жәбірленуші Т... келіні осы оқиғадан кейін өзінен кешірім сұрағанын айтып, оны әкімшілік жауапкершіліктен босатуды сұрады. Құқық бұзушы А... өзінің айыбын толық мойындап, болған оқиғаға өкініп, кешірім сұрап, барлығы ашу үстінде болғанын, ендігі жерде мұндай жағдай қайталанбайтынын, қазіргі уақытта енесімен бітімгершілікке келгенін айтты", - делінген хабарламада. Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

nur.kz