Шымкентте келін енесін соққыға жыққан

12
3890

Шымкент тұрғыны өзінің енесіне қол жұмсағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуда, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары Оңтүстік Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл іс Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды. Соттың мәліметінше, 2013 жылы 30-шілде күні А… өз үйінде енесі екеуінің арасындағы ұрыс-жанжал барысында енесін ұрып-соғып оның денесіне жеңіл дәрежедегі жарақат салған.

«Сотта жәбірленуші Т… келіні осы оқиғадан кейін өзінен кешірім сұрағанын айтып, оны әкімшілік жауапкершіліктен босатуды сұрады. Құқық бұзушы А… өзінің айыбын толық мойындап, болған оқиғаға өкініп, кешірім сұрап, барлығы ашу үстінде болғанын, ендігі жерде мұндай жағдай қайталанбайтынын, қазіргі уақытта енесімен бітімгершілікке келгенін айтты», – делінген хабарламада. Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

nur.kz

12 ПІКІРЛЕР

  1. Озiннiн тиген адамын еркекпа алде езiлген бiрдене ма
    Анасына кол котерген онбайды. Асыкпа…..
    Кудай озi корсетедi коресететiнiн сендейлерге

  2. Киын болган екен бир жактан гана емесау ененин енеси бар ози де кинали шыгар келинди гана киналауга болмаиды :koisai:

  3. Қандай масқара ол келінді кешірмеу керек еді,қандай жағдай болсада ешқашан анаға қол котеру мұсылмандылыққа жатпайды!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз