Нағыз қазақы келбет қандай?

photoИнтернеттен ең әдемі қазақтар, ең әдемі қырғыздар, ең әдемі түріктер, ұйғырлар, қалмақтар және т.б. деген рейтингке көзім түсіп, қазақтардың өзіндік бір колориті жоқ екенін байқадым. Жалпы осы тақырып мені бұрыннан мазалайтын еді. Осы ұйғыр ұлтының азаматын, не түрік азаматын былайынша бірден ажыратып алуға болады, орыстардың басқа еуропа азаматтарынан бір ерекшелігі бар. Ал қазақтардың кейбірінің көзі қысық, қытайларға ұқсаса, кейбірі бадам қабақты, көздері жасыл, шашы блондин сары болмаса да, шатендер кездесіп жатады. Бірі түрікке ұқсаса, бірі татарға, бірі корейге, бірі тіпті орысқа ұқсайды. Менің өзімді корей актрисаларына ұқсататындар көп, мысалы.

1381563415

Осыған байланысты, біраз ақпарат жинап көруге тырыстым. Біздің ұлт Еуразия континентінде ең көп метисацияға ұшыраған ұлт екен. Еуразия еуропеидтері мен моңғолоид нәсілдерінің шатысынан құрылған нәсілдерді Оңтүстіксібір тобына жатқызады. Ал оңтүстіксібір тобының өзі бірнеше топқа бөлінеді: - алтай-саяндық популяциялық топ (оңтүстік алтайлықтар, хакастар мен шорлықтардың кейбір топтары) - қазақстандық популяциялық топ (қазақтар, ноғайлар, қарақалпақтар, башқұрттар мен ұйғырлардың кейбір топтары) - тяньшань өңірлік популяциялық топ (қырғыздар)

1381562172

Қарап отырсақ, қазақстандықтардың өзі жеке бір топ болып бөлінеді. Бұрын қазақтардың шашы сары, көздері жасыл болған деп тарих пәнінен оқып келдік, бұл қаншалықты рас десек, шынымен антикалық дәуірге дейін қазақтарда еуропеидтік нәсіл басым болған. Ал қазір 70% - моңғолоидтық, 30% - еуропеидтік сәйкестікте. Осыған қарап отырсақ, жалпы таза қазақ деген ұғым қаншалықты шындыққа сай? Былайынша қазақ деп ұлтқа бірігіп, ұлттық мүддемізді арқалап жүргеніміз болмаса, генетикалық тұрғыда біз аралас ұлт болып шықтық қой? Содан, мынадай сұрақ туады. Егер ата-бабамыз басқа ұлттармен қан араластырмау мәселесіне аса бас қатырмаған болса, онда неге біз қазір басқа ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығу, үйлену деген мәселелерді ұлттық деңгейде көтере береміз? Ал, жалпы сіздің ойыңызша қазақ адамының түр сипаты қандай? Қандай қазақ азаматын сіз нағыз қазақ деп сипаттай алар едіңіз? Мысалы, менің көзқарасымда түр сипаты бойынша нағыз қазақ қызына Әсем Жәкетаева мен Нұрлан Әлімжан келетін сияқты. Екеуінің де көздері үлкен, шаштары қара болғанымен аққұба болып келеді. Бойлары орташа. 1381563390 Егер көптеген қазақтар осындай типтес болса, ешкім бізді қытайлармен, қалмақ, татар, қырғыздармен шатастырмас еді деп ойлаймын.

Анара Мұстафинова