Нағыз қазақы келбет қандай?

12
6223

Интернеттен ең әдемі қазақтар, ең әдемі қырғыздар, ең әдемі түріктер, ұйғырлар, қалмақтар және т.б. деген рейтингке көзім түсіп, қазақтардың өзіндік бір колориті жоқ екенін байқадым. Жалпы осы тақырып мені бұрыннан мазалайтын еді. Осы ұйғыр ұлтының азаматын, не түрік азаматын былайынша бірден ажыратып алуға болады, орыстардың басқа еуропа азаматтарынан бір ерекшелігі бар. Ал қазақтардың кейбірінің көзі қысық, қытайларға ұқсаса, кейбірі бадам қабақты, көздері жасыл, шашы блондин сары болмаса да, шатендер кездесіп жатады. Бірі түрікке ұқсаса, бірі татарға, бірі корейге, бірі тіпті орысқа ұқсайды. Менің өзімді корей актрисаларына ұқсататындар көп, мысалы.

Осыған байланысты, біраз ақпарат жинап көруге тырыстым. Біздің ұлт Еуразия континентінде ең көп метисацияға ұшыраған ұлт екен. Еуразия еуропеидтері мен моңғолоид нәсілдерінің шатысынан құрылған нәсілдерді Оңтүстіксібір тобына жатқызады. Ал оңтүстіксібір тобының өзі бірнеше топқа бөлінеді:

– алтай-саяндық популяциялық топ (оңтүстік алтайлықтар, хакастар мен шорлықтардың кейбір топтары)

– қазақстандық популяциялық топ (қазақтар, ноғайлар, қарақалпақтар, башқұрттар мен ұйғырлардың кейбір топтары)

– тяньшань өңірлік популяциялық топ (қырғыздар)

Қарап отырсақ, қазақстандықтардың өзі жеке бір топ болып бөлінеді. Бұрын қазақтардың шашы сары, көздері жасыл болған деп тарих пәнінен оқып келдік, бұл қаншалықты рас десек, шынымен антикалық дәуірге дейін қазақтарда еуропеидтік нәсіл басым болған.

Ал қазір 70% – моңғолоидтық, 30% – еуропеидтік сәйкестікте. Осыған қарап отырсақ, жалпы таза қазақ деген ұғым қаншалықты шындыққа сай? Былайынша қазақ деп ұлтқа бірігіп, ұлттық мүддемізді арқалап жүргеніміз болмаса, генетикалық тұрғыда біз аралас ұлт болып шықтық қой? Содан, мынадай сұрақ туады. Егер ата-бабамыз басқа ұлттармен қан араластырмау мәселесіне аса бас қатырмаған болса, онда неге біз қазір басқа ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығу, үйлену деген мәселелерді ұлттық деңгейде көтере береміз? Ал, жалпы сіздің ойыңызша қазақ адамының түр сипаты қандай? Қандай қазақ азаматын сіз нағыз қазақ деп сипаттай алар едіңіз? Мысалы, менің көзқарасымда түр сипаты бойынша нағыз қазақ қызына Әсем Жәкетаева мен Нұрлан Әлімжан келетін сияқты. Екеуінің де көздері үлкен, шаштары қара болғанымен аққұба болып келеді. Бойлары орташа.

Егер көптеген қазақтар осындай типтес болса, ешкім бізді қытайлармен, қалмақ, татар, қырғыздармен шатастырмас еді деп ойлаймын.

Анара Мұстафинова

12 ПІКІРЛЕР

  1. Моңғолдар шапқыншылық жасағанға дейін қазақ деген халық болмаған. Ең алғаш қазақ болғандар да чингизидтер. Сонда сенің айтып отырған жасыл көз қазақтарың кімдер? Яки сен әкеңе айтар ма едік: сен болмағанда мен анау көршіден туылар едім — деп. Сәл ойланып сөйлесең, өз-өзіңді масқараламауға толық мүмкіндігің бар.

  2. негізі қазақтар яғни нағыз қазақтар олр көздері жасыл,сары реңді болған.Кейін маңғол шапқыншылығы болған кездері қазаұтар шатысып маңғол типтес түрлер пайда болған.

  3. казактын бет пишини артурли болуынын себептери коп болуы мумкин сол себептердин бири казактын аралас некеге ауестиги дер едим мысалы казак орыс кызга уйленсе миндетти турде казакша сойлейтин орыс туады минези улттык болмысы орыс болып кала береди олардан ешкашан патриот шыкпайды себеби бала осе келе озинин аралас койыртпак екенин биледи кейбир казак кыздары озге улт окилдеринин суйдим куйдим деген отиригине сенип он жакта отырып бала туып алады да ол бала оскенде паспортына улты казак деп жазылады себеби озге улт казактын кызын пайдаланып болгасын керексиз тряпкидей лактырып кетеди осындай сайкалдарга укиметимиз мать одиночка деп аяп уй береди

  4. Есімі жоқ қазақ ұлы: Қазақтарда жер бетінде өзінен басқа екі ұлтқа қане тән таңбалары бар ол бізідің сәби кезіміздегі жамбасымыздағы көгілдір таңба. Бұл таңба Жапон ұлтымен АҚШ елінде бір Индеец тайпасында кане бар екен.-дейді
    Ол таңба дүние жүзіне «моңғолдың көк таңбасы» деген терминмен белгілі. өзіңдң жапондарға теңестіріп несіне тыраштанасың, ең әуелі моңғолдар сияқты еркін болып ал. немесе моңғолдан келген қазақтардв кемсіткен тірлігіңнің бірі ме?

  5. пікірлер орынды жазылған. бір тақырыпта әңгіме қозғау үшін алдымен мағынасына терең үңілу қажет

  6. Қазақты жүзге, руға, атаға, облысқа бөліп бітіп енді түрге бөле бастадыңдарма. Мақалада мән де дәм де жоқ. Корей актрисасына ұқсасаңыз түбінізде бір шатыс бар шығар. Сан ғасыр тарихы бар қазақтың келбетін айналаңызда көріп жүрген алпыс жетпіс адаммен айқындауға болмайды. «Біздің ұлт Еуразия континентінде ең көп метисацияға ұшыраған ұлт екен» депсіз. Бұл да жаңсақ ұғым. Біздің ұлт яғни арғы бабамыз көне түркілер сол бүкіл еуразия еуропа континетіңді метисацияға ұшыратқан. Біз оларға ұқсамаймыз, олар бізге ұқсап кеткен. тарихты оқу керек қарындас. Моңғолидттер деген ұлт та ұғым да жоқ. Ол найманиттер, уйсиниттер, меркіттер, аргыниттер тағы да көптеген көшпенді тайпалардың құрама атауы. Ал нағыз қазақ деп өзіңіз танитын әртістерді айта салуға тағы болмайды. Нағыз қазақтың келбетін іздегіңіз келсе ақпарат жинап әуре болмай ақ Абайды айтыныз, аз десеңіз Шәкәрімді қосыңыз, бері десеңіз Мұқағалиды атаңыз, Алаш зиялылары тағы бар, бес арыс үш бәйтерек кез келгеніннің суретін қойып міне нағыз қазақ осындай болған дей салыңыз. Сонда шатаспайсыз. Ал жоғарыдағы ағамыз дұрыс айтқан. қазатың тегі мен түрін қопарып отырып өз тегіңізді орысша жазғаныңыз ұят бопты. Қатты айтсам ренжімеңіз деп мәйменкөлемей ақ қояйын. Бірақ менің түрімнің 70 пайызын монғолид, 30 пайызын еуропейттік деп бөлуге сіздің құқыңыз жоқ.

  7. Eн даланы ендеп жатқан қазақ даласында шөл де,нулы орман да,тоғай да, жалпақ жазықтық та – бәрі де, бәрі бар.Cіз байқаған болмашы ерекшелікке себеп сол шығар.
    Осындай ұланғайыр далада бірін-бірі еркін түсініп, әзілі жарасқан халықтың тілі Сіздің ойңыздың бұрыс екенін дәлелдейді…

  8. Ең бастысы адамның жан дүниесі емес пе? Мысалы Мадоннаға табынуға болама сұлу екен деп? Басқа да шоуда жүргендерді алайық. Сыртқы уақытша қабыршақ емес, ішкі жан дүниесін бағалаған дұрыс емес пе?

  9. Қалқам Анар, сенен бір өтінішім бар: қазақты біртұтас халық ретінде көргің келсе, алдымен өзіңнен баста, атыңды дұрыста. Қазақта Анара деген сөз жоқ, сондықтан ондай ат та жоқ, дұрысы – Анар. Анар деген сонау көне заманнан жеткен қасиетті есім. Түркі заманынан, сонау бесінші ғасырдан бері бабаларымыз осы есімді қойып келеді. Ал -а деген жалғау орыс тілінің мойнымызға салған қарғыбауы. Отарлаушы елдің қайсысы болсын ең бірінші атыңды өзгертеді, сонан соң тіліңді, діліңді, жеріңнің атауын өзгертеді. Трихыңды жояды. Сөйтіп, баршы байлығыңды бауырына басады, осыны білген абзал. Сондықтан, қасиетті Тәуелсіз басыңа сұранып қарғыбау киюдің қажеті жоқ.
    Құжатыңда осылай жазылып қойса да еркелету мағынасын бере алмайды. Өйткені, күнделікті Анара деп атай бергеннен кейін, қосымша өз мағынасын жойып, қарапайым атауыш құралға айналады. Егер жұртқа құрметті болғың келсе, ата-бабадан жалғасып келе жатқан қасиетті есімді бүлдірудің қажеті жоқ, сауатты, сүйкімді, туған еліңнің, ұлтыңның нағыз патриоты болсаң жетіп жатыр. Айналаңның бәрі сені сүйетін болады.
    Екіншіден, барлық ұлттарды тексеріп алмай тұрып, біраз суреттің төңірегінде барша жұртқа жерден деті қоян тапқандай жар салудың қажеті жоқ. Сен көрсетіп отырған ұлттардың ішін аралап көрсең, әртүрліліктің көкесі сонда. Туған жұртыңның болашағы үшін ешқандай пайдасы жоқ мұндай ізденіс абырой әпермейді. Оны іздеп бас қатыру – артық әурешілік. Менің көзім жететін бір нәрсе бар, ол – ұшан-теңіз аймақты алып жатқан қазақтың тілінде ешқандай өзгешелік жоқ, батысы мен шығысындағы, оңтүстігі мен солтүстігіндегі жұрттың бәрі бірін-бірі түсінеді. Салты мен дәстүрі де сондай біртұтас. Жер бетінде періште секілді, аңғал мінезді болып жаралған халықпыз. Мінезіміздегі кеңдігімізге қарай осынша кең жер маңдаймызға бұйырған, ендігі бір міндетіміз – не іздесек те, елді біріктіретін тетік іздеу.
    Атыңы қарағанда жасың кіші баласың, мен сені Анара деп емес, «ботам!» – деп еркелетейін, менің сөздерімді ауыр алма. Елім деп еңіреген қазақтың бірі болған соң, осылай айтып отырмын. Әр қазақтың баласы, сендердің бақытты күлкілеріңді көру мен үшін қандай бақыт екенін білсеңдер ғой! Ботам, әрқашан жолың ашық болсын, Алла қайырлы ғылым нәсіп етсін!!!

  10. Қазақтарда жер бетінде өзінен басқа екі ұлтқа қане тән таңбалары бар ол бізідің сәби кезіміздегі жамбасымыздағы көгілдір таңба. Бұл таңба Жапон ұлтымен АҚШ елінде бір Индеец тайпасында кане бар екен.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз