Тас жол тайғақ кешуге айналды

загруженноеЕгер «бір ауылдың тұр­ғын­да­ры түгелдей қы­ры­лып қа­­лыпты» де­ген тосын хабар ес­тіген болса, кім-кімнің де тө­­бе шашы тік тұ­рар еді. Алайда бүгінгі таңда жол-кө­лік оқиғалары (ЖКО) сал­­­да­ры­нан жыл сайын көз жұ­­мып жат­қан адамдар саны бір ауыл­ тұрғындарының са­нына тура пропорционалды бо­лып жат­қанын ескеріп жат­­қан ешкім жоқ сияқты. Күн са­­йынғы көлік апа­тынан қа­й­­тыс болған адам­дар жай­­лы хабарларға етіміз үй­­­реніп те кеткен. Қаралы ста­­­­тистикаға селт етпейтін бол­­­дық. Көлік апатының басты себептері Мамандар жол-көлік оқиғасына соқ­ты­ра­тын басты екі себепті алға тартады. Бі­рінші се­беп – жүргізушілердің жол қ­а­уіп­сіздігі ере­же­ле­­рін сақтамауы. Расымен де, жол-көлік оқи­­­ғаларына жасалған талдау осы­ны ай­ғақ­тай­­ды. Жол-көлік оқиға­ла­рына қатысты жа­сал­ған сараптама қоры­тын­дысы көлік апатының 90 па­йыз жағ­дайында жүргізушінің кінәсін анық­таған. Нақ­ты сандарды сөйлетсек, оның ішінде жыл­дамдықты шектен тыс асыру жағ­дайы – 21,6%, жаяу жүргіншіге жол бермеу – 9,3%, жол қиылысы ережесін бұзу – 8,6%, қарсы ба­ғыт­қа шығып кету 8,3% болған. Сонымен қа­тар мас күйінде көлікті басқару салдарынан ағым­дағы жылдың алты айында 249 ЖКО орын алып, салдарынан 50 адам опат болып, 285 адам түрлі дә­режедегі дене жа­рақатын ал­ған. Екінші себеп – тас жол­дар­дың тарлығы мен сапа­сыз­дығы. Сарап­шы­лар­дың анық­та­уын­ша, ірі жол апаттары күре жол­дарға тиесілі кө­рінеді. Өйткені еліміздегі рес­публикалық дең­гейдегі жолдардың дені екі жо­лақтан тұрады. Ондай жолдарда көптеп, тіз­бектеліп жү­ретін жүк көліктерін қуып өту аса қа­уіпті. Өйт­кені алда келе жатқан көлікті қуып өту­ді тек қа­рама-қарсы бағытқа шығып қана жү­зеге асы­ру мүмкін. Өкінішке қарай, кей жағ­дай­да қар­сы бағытта келе жатқан көліктің жыл­дамдығын болжай алмағандықтан, қайғылы оқиғалар орын алып жатады. Сон­дай-ақ жол ор­та­сын­дағы шұңқырды ай­на­лып өтемін деп, кө­ліктердің қақ­тығысып жа­та­ты­ны да жиі кез­де­седі екен. Нұрлан АПАХАЕВ, заңгер: – Жол-көлік оқиғаларына жүргізу­ші­лер­дің жол ережесін өрескел бұзуы себеп бо­латыны – шын­дық. Ал сол жол ережесін бұз­ғандарды анық­тап, әкімшілік жаза қол­да­натын – Жол по­лициясы. Менің ойымша, жол ережесін бұ­зу­шы­ларға қолданатын заң қатаң және айыппұл мөлшері қомақты болуы тиіс. Сонымен қатар сол заңның орындалуын қадағалайтын Жол полициясы қызметкерлері де заң аясынан шықпауы керек. Олар жол ережесін бұзу­шы­лар­дың көкесіне де, қалтасына да қарамауы тиіс. Өйт­кені көбіне-көп жол ережесін бұза­тындар – көкесі барлар мен қалтасы қа­лың­дар. Егер қалтасының қалыңдығымен, көкесінің кө­мегімен мәселені шеше алма­сына көзі жетсе, он­да олар жол ережесін сақ­тайтын болады. Се­бебі олардың көлік жүргізу құқығынан айы­рылып, жаяу жүр­гісі келмейтіні анық. Жол-көлік оқиғаларының салдары Осыдан бес жыл бұрын 2 млн болған елі­­міздегі көлік саны бүгінде 4,2 мил­лион­ға жеткен. Соның салдарынан жыл сайын жол апа­тының саны да артып барады. Нақ­ты де­рек­ке жүгенсек, жыл сайын елі­міз­дегі тас жолдарда 3 мыңнан астам адам фә­ни дү­ниені тәрк етіп жатса, 17 мыңнан астам адам түр­лі тән жа­ра­­қа­­тын алады екен. Арифметикаға кө­шер бол­­­сақ, жыл сайын ел халқының әр 100 мың тұрғынға шаққанда 30-ы жол-көлік оқи­­ғасы салдарынан дүние салатыны анық­­талып отыр. Дүниежүзілік стандартпен са­лыс­тыр­ғанда, бұл – дабыл қағарлық жо­ғарғы көр­сет­кіш. Өкі­ніш­ке қарай, бұл көр­сет­кіш жыл санап ар­тып ке­ле­ді. Сон­дық­тан да Қазақстан жол-кө­лік оқи­ғасы сал­да­рынан орын алатын адам шы­ғыны бо­­йын­ша дүниежүзілік ұйымдардың қа­ра ті­зі­мі­не ілінді. Ресми мәлімет бойынша ағымдағы жыл­дың жеті айында 10 727 жол-көлік оқи­ға­сы орын алып, салдарынан 1446 адам ажал құ­шып, 13 958 адам түрлі тән жа­ра­қатын ал­ған. Бүгінгі таңда жол-көлік оқиғалары мен сал­да­рынан қайтыс болған, жарақат алған жан­дар­ды санамалап, біріміз жүргізушіні жаз­ғы­рып, біріміз сапасыз жолдарды жа­ман­дап, енді бі­ріміз Жол полициясы қыз­мет­керлерін қара­лау­дан әріге бара алмай отырған сияқтымыз. Жол-көлік оқиға­ла­рының отбасыларға келті­ре­тін қасіретімен қа­тар, қоғамға, мемлекетке тигізер зиянын ескере бермейміз. Дүниежүзілік банк мамандарының мә­лі­ме­тіне қарағанда, Қазақстан жол-кө­лік оқи­ға­ла­ры салдарынан жыл сайын жалпы ішкі өнім­нің 1,5 пайызына тең мөлшерде қаржы жо­ғалтатын көрінеді. 2012 жылы бұл шығын кө­ле­мі 600 млрд теңгені құра­ған. Сол жылы қор­ға­ныс саласына 200 млрд теңге жұм­­­сал­ғанын ескерсек, жол апа­ты әкелетін шы­­ғын шаш етектен екені қожаға да, қараға да тү­сінікті. Жол-көлік оқ­и­ға­ларының салдарын жою, көлік апа­ты­нан асыраушысынан айырыл­ған­дар мен мү­гедек болып қалғандарға төле­нетін жәр­демақы – мұның бәрі – ел бюджетіне тү­сетін салмақ. Сонымен қатар онсыз да тап­шы болып тұрған еңбек күшін жо­ғал­тамыз. Ал бұл ел экономикасын етектен тартары анық. Тағы бір ескеретін жайт, Қазақстанның мемлекеттік саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын демографияға да жол-көлік оқи­ға­ларының кері ықпалы орасан. Демо­граф­тардың болжамына қарағанда, көлік апаты 10 жылда табиғи өсімнің 100 мың адамға артуын тежейді екен. Қазақ­стан үшін жер байлығын толықтай өзі иге­руге, экономиканың өсуіне, ел­дің қор­ға­ныс қабілеті мен мемлекеттік қауіп­сіз­дікті қамтамасыз етуге 100 млн адам қажет екенін ескерсек, бұл – орасан шығын. Не істеу қажет? Әлеуметтанушы мамандар «Жол поли­ция­сы жазалаушы органға айналып кетті, олар жол ережесін бұзушылықтың алдын алу бо­йын­ша үгіт-насихат жұмыс­та­рын жүргізбей отыр» дейді. Олардың па­йым­дауынша, Жол поли­ция­сы қыз­мет­керлері көп жағдайда жол ере­жесін бұз­ған­дарға айыппұл салумен ғана шек­теліп жүр. Олар тарапынан жасалып жат­қан ал­дын алу жұмыстары жоқтың қасы. Сон­дық­­тан әлеуметтанушы мамандар «Жол поли­ция­сы қызметкерлері БАҚ-тармен тығыз бай­­ла­ныста болып, сол арқылы жиі насихат жұ­­мыс­тарын жүргізіп отыруы тиіс» дейді. Қожамқұл АЙТБАЕВ, әлеуметтанушы: – Жеке өз басым Жол полициясы қыз­мет­кер­лерінің теледидарға шығып, жол-кө­лік оқи­ға­ларының алдын алу бойынша на­сихат жүр­гіз­генін көрген жоқпын. Жүр­гі­зу­шілерді жол ережесін сақтауға үндейтін әлеуметтік жарна­ма­ны да көрген емеспін. Га­зет беттерінен де бай­қай қой­мадым. Не ав­топарктер мен так­со­парктерге ба­рып, про­филактикалық жұмыс жүргізгенін ес­­ті­меп­пін. Қайта «тығылып тұрып, жол ере­же­сін бұзғандарды жазалайды» дегенді жиі ес­тиміз. Қарап отырсақ, халықтың мақ­тауынан гө­рі даттауы көп. «Халық айт­са, қалт айт­пайды» демей ме?! Сондықтан да Жол поли­ция­сы қызметкерлері ха­лық­пен жүздесіп отыруы керек. Ал халықпен жүз­десудің ең тиім­ді жолы – бұқаралық ақ­парат құралдары.

"Алаш айнасы"