Қазақстанның ең жас әрі мықты шенеуніктері кімдер?

1"Vласть" деп аталатын ғаламтор журналы Қазақстандағы жас болса да биікті бағындырған, болашағынан үміт күттірер шенеуніктер тізімін жариялады.Ең жас шенеуніктер рейтингіне Президент әкімшілігінің қызметкерлері, ұлттық компания және Үкіметте істейтін қызметкерлер және облыс әкімдері кірді. Жас әрі табысты шенеуніктер көшін «Бәйтерек» ұлттық компаниясы жанындағы басқарма холдингінің төрағасы 33 жасар Қуандық Бишімбаев бастап тұр. Ол Қызылорда қаласында туылған. Мемлекеттік және жергілікті басқару академиясы және АҚШ-тағы Дж.Вашингтон университетінің түлегі.

abish_s_205(суретте Самат Әбіш)

Екінші орында – 34 жасар Ұлттық Қауіпсіздік комитеті бастығының орынбасары Самат Әбіш. Ол Алматы облысында дүниеге келген. Оқыған жерлері: Ұлттық Қауіпсіздік комитеті академиясы және Ресейдегі сыртқы барлау қызметі академиясы.

Foto_Biekietaieva

(суретте Марат Бекетаев)

Үшінші орынға Марат Бекетаев жайғасыпты. 35 жасар Әділет Министрлігінің жауапты хатшысы Қазақ Ұлттық Заң институты мен Лондондағы экономика және саяси ғылымдар мектебінде білім алған.

37b783e43fee644a89d2415d4a9c9bbd

 

(Суретте Дәулет Ерғожин)

Жас шенеуніктер рейтингінің төртінші сатысына Президент әкімшілігінің әлеуметтік және экономикалық мониторинг бөлімінің басшысы 34 жасар алматылық жігіт Дәулет Ерғожин, ал бесінші сатыдан қаржы вице-министрі 38 жасар астаналық Руслан Даленов көрінді.

руслан                                               (Суретте Руслан Даленов) Бұл рейтинг арнайы жүргізілген сауалнама нәтижесінде шығарылған. Алғашқы ондыққа кірген шенеуніктердің көбі шетелде білім алғандар болып шықты.

qazaquni.kz

Суреттер ғаламтордан алынды