Кедендік бақылау комитетіне жаңа төраға тағайындалды
2013 ж. 26 қыркүйек
1541
0
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің кедендік бақылау комитетінің басшылығы ауысты. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы Министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
ҚР Қаржы министрінің 2013 жылдың 26 қыркүйегіндегі № 357 бұйрығы бойынша Кедендік бақылау комитетінің төрағасы қызметіне Амрин Госман Каримұлы тағайындалды. Бүгінге дейін бұл қызметте Мәжит Есенбаев болған.
Госман Амрин 1961 жылдың 9 ақпанында Ақмола облысында дүниеге келген. Бұған дейін Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
qazaquni.kzФотосурет tengrinews.kz сайтынан