Халқын жылыта алмаған әкім жұмыстан босайды

1238063241_pol_1065437973_239Биылғы ауа райы тек диқаншы­лар­ды ғана емес, қарапайым қала тұр­ғындарын да біраз әбігерге тү­сірген-ді. Әсіресе Астана мен сол­түстік өңір жақта күз қылаң бе­ре күрт салқын түсіп, соның сал­да­рынан халықтың біраз бөлігі дә­рі­ханалардың табалдырығын тоз­дырып, ем-домға кіріскен. Ор­талық жылудың жоқтығынан жы­лыту құрылғыларының саудасы да бір қызып басылды. Жылыту мау­сы­мы­на әлі біраз уақыт бар екенін еске салсақ, аядай бөлмеде электр арқылы жылынып отырған ортақол қазақстандық отбасы энергияға кететін шығынды есептеумен жүр де­сек жаңылмаспыз. Министрлер Ка­бинеті де соны сезген болуы керек, ке­ше Үкіметте жылыту маусымына дайындық мәселелері жан-жақты пысықталды.

Жылынамын дегенге электр құрылғылар әлі де қажет

Оңтүстік өңірден бөлек, елдің біраз аума­ғында жы­лыту маусымы қазанның 15-інен бас­талады. Ен­деше, Астана секілді солтүстік һәм шығыс ай­мақ­тардағы қала тұрғындарына әлі де біршама уа­қыт электр құрылғысы арқылы жылынуға тура ке­леді деген сөз. Жылыту маусымына дейміз-ау, кей­бір қала тұрғындары, тіпті осы жылытатын құ­рал-жабдықтың көме­гі­не қыста да зәру болатын се­кілді. Себебі «қы­лышын сүйреткен қыстың» қыр астында тұр­ғанына қарамастан, кейбір аймақтар қамсыз отыр. Сондай қамсыздардың біразы жылу беру маусымына дайындықты тым шабан жүргізгені үшін Үкіметбасынан сөз ести жаздады. Нақты айтсақ, индустрия және жаңа техно­ло­гиялар вице-министрі Бақытжан Жақса­лиев­тің ха­барлауынша, Өскемен қаласының Согра ЖЭС-і, МАЭК-«Қазатомөнеркәсіп» компа­ния­сына қарас­ты ЖЭС-1, Риддер ЖЭС-і, Астана қала­сындағы ЖЭС-1 және Екібастұз ЖЭС-ында жөндеу жұмыстары кешеуілдеген. Бұдан басқа, Рудный жылу электр стансысының 2-3-ші турби­налары мен Арқалық ЖЭС №1 қазан­ды­ғына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс болған. Бірақ осының барлығы тек ағым­дағы, яғ­ни күрделі емес, күнделікті жөндеуден ғана өтіпті. Ал Атырау ЖЭС және Қарашығанақ ГЭС-тің кейбір турбиналарын жөндеу жұмыстары келесі жылға ысырылыпты. Үкіметтің кешегі мәжілісінде облыс әкімдері осы және тағы басқа мәселелер бойынша бей­небайланыс ар­қылы есеп берді, кейбірі сен­дірді, кейбірі...

 Бердібек САПАРБАЕВ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі: 

– Енді Согра және Риддер жылу электр стансыларының мәселесіне келер болсақ, ондағы турбиналар қосымша аппараттар болып саналады. Қазан айының басында олардың барлығы іске қосылады. Жалпы, биыл республикалық және облыстық бюд­жет­терден 21 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 12 пайызға артық. Осы қаражат барлық нысандарды жылу беру маусымына толығымен дайын­дау­ға мүмкіндік бермек. Қазанның 15-іне дейін бәрі дайын болады.  Нұралы СӘДУАҚАСОВ, Қостанай облысының әкімі: – Бүгінде Арқалық жылу электр стансы­сын­да тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алайда №1 қазандығына күрделі жөндеу­дің уақыты келесі жылға қалды. Моно­қа­лаларды дамыту мемлекеттік бағдарла­масы аясында қосымша қаражат бөлінді. Қазіргі мазуттың көлемі қазан айына жетеді. Одан кейінгі уақытқа қосымша шикі­зат қажет бо­лады. Біз тиісті құжаттарды дайындап жі­бер­дік. Соның барлығы рәсім­делсе, мазут­пен қамтамасыз ету мәселесі ше­шіледі. Бас­қа проблема жоқ. Қосман АЙТМҰХАМЕТОВ, Ақмола облысының әкімі:  – Степногор қаласының №1 және №7 қазандықтарын жөндеу мәселесі былай болып тұр. ЖЭС-тың №7 қазандығы қыркүйектің 30-ына дейін дайын болады. №1 қазандық қарашаға дейін іске қосыла­ды. Ал №2 қазандықты жөндеу жұмыстары кейін­ге шегерілді. Қазір ол жерде (Степ­ногор ЖЭС – авт.) 31 мың тонна көмір бар. Негізі, 40 мың тонна қажет. Алайда ағым­дағы айдың аяғына дейін жылу электр стан­сысына 74 мың тонна көмір жеткізіледі. Жал­пы, Ақмола облысында жылу маусы­мы­на дайындық жұмысы кедергісіз өтуі тиіс.  Әкімдер жұмыстан босатылуы мүмкін Айтпақшы, Алматының әкімі Ахметжан Есімовті газдың бағасы алаңдатып отыр. Оның сөзіне қарағанда, көгілдір отын құны 37 пайызға көтерілсе, алматылық­тар­дың біразы ақшадан қағылады, қара­па­йым халықтың қалтасына қысым жа­са­лады. Осыған орай қала басшысы тиісті органдарға сұрау да жолдапты. Бірақ жа­уап әлі жоқ. Үкімет отырысына қатысқан Мұ­най және газ министрі Ұзақбай Қара­ба­лин: «Дәл қазір біз бұл сұраққа жауап бере алмаймыз. Себебі 30-ы күні (қыр­кү­йек – авт.) мекемеаралық комиссияның оты­рысы өтеді. Онда газдың бағасы бөлек мә­селе ретінде қаралады. Сол жерде ше­шім қабылданса, Алматыдағы газдың нақты бағасы сонда белгілі болады», – деп атап көрсетті. Оған қарамастан, Премьер-министр Серік Ахметов жылу маусымына да­йындықтың сапалы өтуіне барлық облыс, қала және аудан әкімдерінің жа­уап­ты болатындығын тағы бір мәрте ес­керт­ті. Әкім ғана емес, солардың қата­рын­да жұмысына жауапсыз қараған жылу беру орталықтары басшыларын да жазаға тарту қажеттігін жеткізді. «Ашығын айту қа­жет, жыл сайын жылыту маусымы бары­сын­да қандай да бір қиындықтар туын­да­ған жағдайда әкімдер жауапқа тартылып жа­т­­ады. Ал жылу беру орталықтарының директорлары жылу маусымына дайын­дық жұмыстарын сәтсіздікке ұшыратса да, өз қызметтерінде айлап-жылдап отыра бе­реді. Халыққа одан келер пайда жоқ. Сол үшін мұндай басшыларды жұмыстан боса­тып, оларға ықпал етудің барлық шара­ла­рын қолдану керек. Аталған мәселе қала әкім­деріне де қатысты», – деді Серік Ахметов. Қазандықтар өндірісін ашуға болады Сондай-ақ Премьер-министр комму­нал­дық қызмет үшін халықтың дебиторлық қарызын ары қарай азайту жұмысын жал­ғастыруды тапсырды. Ресми ақпаратқа сәйкес, соңғы жылыту маусымында тұ­тыну­шылардың коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық қарызы 6,8 млрд теңгені құраған. Қазір бұл 675 млн теңгеге (10 па­йыз) азайып, 5,8 млрд теңгеге жеткен. Ал ескі қазандықтарды жаңарту бойынша Үкі­мет басшысы тағы бір ұсынысты ортаға тас­тады. «Мен сағатына 100 гиго-калория­ға дейін жылу беретін қазандықтарды қай­та жабдықтауды қолдаймын. Бұл мәселені ше­шетін кез келді. Сонау кеңестік заманда салын­ған қазандықтар 40-50 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Шыны керек, соның бар­лығы ескірді. Қазір ондай қазандық­тар­ды қайта жабдықтау қажет. Әсіресе ша­ғын қалалар мен кенттерде тиісті жұмыс­тар­ды жүргізу керек», – деді Серік Ахметов. Осы орайда Үкіметбасы көмірі екі есе аз жа­ғылатын жаңа қазандықтардың бар екен­дігін еске салып өтті. «Осының бар­лы­ғын индустриялық-инновациялық бағдар­ла­ма аясында қарап, қажет болса, тиісті кәсіпорындарға қолдау жасайық. Олар жаңа қондырғыларды (қазандықтар - авт.) шы­ғаруды бастасын. Соны Индустриялан­дыру картасына қосайық. Негізі, ондай кә­сіпорындар үшін ондаған жылдарға жұ­мыс табылады. Себебі бізде барлық қа­з­ан­­дықтардың 80 пайызын қайта жаб­дық­тау қажет», – деді Үкіметбасы Серік Нығметұлы.

Арман АСҚАР  "Алаш айнасы" газеті