Қазынамызға қол салушы құрықталды

1111

Қаржы полициясы агенттігіндегі жауап беруінен кейін «Транстелеком» АҚ («ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылтайшысы болып табылады) бұрынғы бірінші вице- президенті, ал қазір «Қазпочта» АҚ басқарушы директоры – «Корпоративтік сатылым дирекциясы» филиалының директоры болып қызмет атқаратын М.Абдрахманов құрықталды. Оған 2006 жылы «Транстелеком» АҚ бірінші вице-президенті болған кезінде, қызметтік уәкілеттігін теріс пайдаланып, «КТ&Т» ЖШС-мен консорциалдық келісім-шартқа заңсыз қол қойып, мемлекетке 4,1 млрд. теңге залал келтірген деп айып тағылып, күдікті ретінде ұсталған. Астана қаласы Қаржылық бақылау инспекциясы маманының қорытындысы бойынша, «Транстелеком» АҚ мен «KT&T» ЖШС арасындағы келісімшарт жалған мәміле болып табылады. Ол мемлекеттің 4,1 млрд.теңгесінің негізсіз ж ұ м с а л у ы н а с е п б о л ғ а н . Ағымдағы жылды4 14 тамызында Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы Жоғарғы сотының Азаматтық және әкімшілік істер бойынша қадағалау сот алқасымен аталмыш консорциалдық келісімшарт жарамсыз деп танылды. Бүгінде М.Абдрахмановқа қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешілуде. Онымен қатар, тергеу-тексеру жұмыстары жалғасуда.