Сирияға қарсы соғыс бола ма?

111111111

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен дамыған және дамушы жиырма елдің саммитінде (G20) негізінен «экономикалық мәселелер талқыланады» деп жоспарланғанымен, Сирияға әскери шабуыл мәселесі басты тақырыптардың бірі болды. АҚШ президенті Барак Обама Сирия үкіметін «Химиялық қару қолданды, соның салдарынан 1 мың 400-ге тарта адам қаза тапты» деп айыптап, ел президенті Башар Асад әскеріне қарсы әскери операция жүргізбек ниетте. Бірақ, Ресей бұған қарсы. Қытай, Еуропа Одағы, БРИКС елдері (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка) мен Рим Папасы Франциск Сирияға қарсы әскери шабуылға қарсылықтарын білдірді. Мемлекет басшылары Д а м а с к і д е х и м и я л ы қ қ а р у қолданылғанын айыптағанымен, «Сириядағы дағдарыс әскери жолмен шешілмейтінін» мәлімдеді. Саммитке Қазақстан президенті қатысты.