Мешімбаева Мәскеуден «келді»...

222

Қазақстандық құқық қорғау органдарының өкілдері Статистика агенттігінің бұрынғы төрағасы Анар Мешімбаеваны Мәскеу қаласынан Астана қаласына алып келді. Оны сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ысырап еткені (ҚР ҚК 176-бабының 3-бөлігінің «б», «г» тармақтары), сондай- ақ қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұратуы бойынша Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы Анар ханымды елге қайтарды. А.Мешімбаева Астана қ. ІІД уақытша ұстау а б а қ т ы с ы н а ж а б ы л д ы . Қылмыстық істі тергеуді Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жүргізеді.