Тараздан тарихи дүние табылды

2
1228

Тараздан 40 шақырым жердегі Түймекент қалашығ ы н д а ж ү р г і з і л г е н археологиялық қазба жұмыстары кезінде өңір тарих ы н а қ а т ы с т ы қ ұ н д ы деректер табылды. Айналасы қамалдармен қоршалған Т ү й м е к е н т т і ң б і р н е ш е қақпасы, сондай-ақ, жан-жағы қазылған ор болған. Қамалдың ені 4-6 метр, ал биіктігі 20 метрден асады. Орналасқан жеріне орай, Түймекенттің қала ретінде де, сауда орталығы ретінде де зор маңызға ие болғаны байқалады. Ұлы Жібек жолы өтетін дәулетті қалаға көз тіккен жаулары аз болмаған. Археологиялық қазба жұмыстары көне қалада инженерлік, коммуналдық жүйенің жақсы дамығандығын көрсетті. 2 метр тереңдікте 2 су құбыры бұзылмаған күйінде сақталған. Жаугершілік заманда қажет мұндай и н ж е н е р л і к ш е ш і м д і жергілікті шеберлер ойлап тауып, жүзеге асырған.

Мемлекеттік «Ежелгі Тараз» тарихи-мәдени қорық- мұражайының директоры Тәкен Молдақынов: «Бұл – тарихта «көшпенділе»р деп аталатын ата-бабаларымыз түркілердің бүгінгі мақтаулы жұрттардың ешқайсысынан кем еместігінің, кезінде с а л т а н а т т ы с а р а й л а р салғандығының белгісі» –дейді.

2 ПІКІРЛЕР

  1. АССАЛАМУААЛЕЙКУМ.аға мына Тараздағы көне Төрткүл бекінісін зерттеп оны қалпына келтіргені мен үшін қуаныш.Аға бір өтініш баяғыдан бір арманым бар еді.көне Отырар бекінісін қалпына келтіру еді.жәнеде басқада ата бабаларымыздың бекіністерін қалпына келтіру..Озбекстанға қарасам қызыгам..ал бізде сондағысы Туркестан Арыстанбаб.осыған қалай қарайсыздар.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз